«Жастар орталығына» саяхат

2019 жылдың 21 мамыр күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Сыр елінің дарынды оқушылары Жастар саясаты басқармасының «Жастар орталығына» саяхат жасап кайтты. Қаламыздың сол жақ жаңа жағалауында орналасқан орталықтың әсем ғимараты, орталықтың тыныс-тіршілігі біздің дарынды оқушыларымызға керемет көңіл-күй сыйлады. 
Барлық жастарды бос уақыттарын құр өткізбей, пайдалы іспен шұғылдануға шақырамыз!