Республикалық юниорлық олимпиада қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 27-29 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында республикалық юниорлық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Сыр елінің намысын қорғап биология, физика, химия пәндері бойынша №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-8 сынып оқушылары Маратұлы Рауан, Бақытов Арман, Қанатұлы Ринат және Сырдария ауданы, №36 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Жақсыбай Аружан қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Маратұлы Рауан мен Қанатұлы Ринат жүлделі ІІІ орынды иеленді.