IQanat ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым – балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! 
Жаздың бірінші күніне дәл келетін осы мерекеде IQanat ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиадасының қорытынды кезеңіне өткен Қызылорда облысының 33 оқушысына арнайы сертификаттар табысталды.
2019 жылғы 1-6 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін IQanat олимпиадасының қорытынды кезеңінде де оқушыларымыздың жеңімпаз атануына тілектеспіз.