«Мен елімнің ертеңімін» атты облыстық сурет байқауының қорытындысы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 4 маусым күні орталық базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушыларына арналған «Мен елімнің ертеңімін» атты облыстық сурет байқауы өткізілді. 
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту. Балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру; өскелең ұрпақтың бойына бейбітшілк пен ынтамақтастықтың іргетасын қалау, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, жарқын болашақтың құлыпытасы – жас буын, өздерінің қолдарында екендіктерін түсіндіру. Ел болашағын жоспарлаудағы баланың қиялына ерік беру.
Байқау нәтижесі бойынша 8 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі диплом: 
Рахымбек Ақбота – Жалағаш ауданы, №202 мектеп, 7 сынып

ІІ дәрежелі диплом: 
Қараман Жанерке – Жаңақорған ауданы, №163 мектеп, 6 сынып
Өміртай Нұржайна – Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 6 сынып

ІІІ дәрежелі диплом:

Әбубакір Айнұр – Қызылорда қаласы, №173 мектеп, 7 сынып
Мәулен Әсел – Жаңақорған ауданы, №163 мектеп, 7 сынып
Ермеков Мұхтарәли – Сырдария ауданы, №147 мектеп, 7 сынып
Алтынек Рамазан – Қазалы ауданы, №216 мектеп, 7 сынып
Жамбыл Бақытнұр – Жалағаш ауданы, №124 мектеп, 5 сынып