Жақсы мамандық – жарқын болашақтың бастауы

Статистикалық зерттеулер бойынша, әлемде қырық мыңға жуық мамандық бар көрінеді. Әрине, осы сан алуан кәсіптің ішінен өзіңе лайық біреуін таңдау оңайға соқпауы мүмкін. Алайда жүрегің қалаған, қоғамда сұранысқа ие кәсіп иесі болуға мүмкіндік мол. Ол үшін нарықты зерттеп, қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетіңше сараптама жүргізуге болады.

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мамандыққа деген сұраныс қоғамдағы өзгерістерге қарай әр алуан болады. Соңғы жылдары информатика, ақпараттық технология саласы мамандары, мұнайшылар, IT мамандары, инженерлер, нанотехнологтар, маркетинг, электроника, биотехнология саласының мамандары секілді кәсіп иелеріне сұраныс артып отыр. Өткен он жылдықта заңгерлер, қаржыгерлер, кеденшілер оқытатын оқу орындарының таразысы төмен тартты. Олардың тым көп даярланғаны соншалықты, жұмыссыз заңгерлер мен экономистердің армиясы қалыптасты. Бұлар амалсыз мамандығын өзгертуге, не басқа салада жұмыс жасауға мәжбүр болды.

Соңғы жылдары информатика, ақпараттық технология саласы мамандары, мұнайшылар, IT мамандары, инженерлер, нанотехнологтар, маркетинг, электроника, биотехнология саласының мамандары секілді кәсіп иелеріне сұраныс артты. Колледжіміз ағымдағы жылдың мамыр айында оқу орнында даярланатын мамандықтарға жаңа білім беру лицензиясын алды. Колледж «Ақпараттық жүйелер» (қолдану саласы бойынша) мамандығы бойынша «Дизайнер», «Техник-бағдарламашы», «Техник» мамандандыруларына және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандықтары  бойынша«Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы», «Техник», «Техник-бағдарламашы», «Ақпаратты қорғау технигі», «Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник», «Техник-электроник», «Сынақ жүргізуші», «Сандық және электронды құрылғыларды,компьютерлік желілерді  жөндеуші» мамандандыруларына білікті маман дайындауда алдыңғы қатарда.

Оқытудың жаңа технологияларын және бағдарламаларды әзірлеп, қолдануға, техникалық жабдықтарды орнатуға және жөндеуге, ғылым, техника, экономика және өндірістің  әр түрлі салаларында веб-сайттар мен дерекқорлар жасай алатын бағдарламашыларды дайындайды. Теориялық және зертханалық-практикалық сабақтар барлық арнайы пәндер бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда  нарықтық экономика мен дағдарыста бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған, құзыретті, коммуникативтік маман дайындап  шығару біздің негізгі міндетіміз.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы дерекқорларды, интеллектуалды бағдарламалық қамсыздандыру жүйелерін, мультимедиялық технологияларды және әр түрлі қолданбалы бағдарламалар жүйелерін қолдану саласында жұмыс істеуге бағытталған. Бұл мамандық компьютерлік технологияға қызығушылық танытқан жастар мен қыздар үшін ең тартымды болып табылады және ақпараттық технологиялар нарығының жедел даму жағдайында мамандар арасында бәсекеге қабілетті артықшылықтарды қамтамасыз ететін қызықты мамандыққа ие болғысы келеді.

Мамандықтың түлегі бағдарламаны аударуға және жөндеуге, проблемаларды шешуде деректерді басқаруға, тестілік бағдарламаларды басқаруға, бағдарламалық өнімдерді қорғауға арналған құралдарды және әдістерді қолдануға, бағдарламалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыруға және жүргізуге, өндірістік және экономикалық процестерді модельдеуге, оларды шешу әдістеріне және нәтижелерін талдауға, деректерді қорғау, ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін құруды біледі.

Дереккөз: Білімді ел