Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу «BILIM –ORKENIET» орталығы еліміз бойынша бойынша, барлық пән мұғалімдер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында сайыс жариялаған еді.
Осы сайыста пән мұғалімдері шеберліктерін көрсетіп, «Жылдың жүз үздік пән мұғалімі» атағы берілді. Министрліктер үйіндегі марапаттау рәсімінде байқау жеңімпаздары танымал тұлғалардың қолынан: «Жылдың жүз үздік пәні мұғалімі» атты төсбелгі мен «Жылдың жүз үздік пәні мұғалімі» атты және өмірбаян енген түрлі түсті жинақ кітап пен «Жылдың жүз үздік пәні мұғалімі» дипломына қоса «Жылдың жүз үздік пәні мұғалімі» куәлігін иеленді.
Елордасындағы №1 мектеп-лицейінің мұғалімдері осы дүбірлі додаға белсене қатысып, бірнеше жүлделі орындарға қол жеткізді. Олар: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Гүлжамиля Акимбетова, Бағира Айтимова, Сәуле Құраметова және математика пәнінің ұстаздары Күнзила Жүнусова, Амина Сыздықова, Гүлнара Қасымова. Үздік нәтиже көрсеткен ұжымдас әріптестеріміз І дәрежелі дипломмен марапатталып, төсбелгі мен жинақ кітабын алды.
Топ жарған асқақ абырой иелерін жемісті жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, отаншыл жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы кәсіби біліктіліктерімен биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
Дереккөз: Білімді ел