Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 5-11 сынып оқушылары арасындағы онлайн байқауға (сурет, эссе) қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық білім басқармасы бірлесіп, «Адал Ұрпақ» жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға байланысты онлайн-конкурстар (суреттер, эссе) ұйымдастыруда. Ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы   5-11 сынып оқушылары арасындағы  ОНЛАЙН КОНКУРС басталады. Сурет конкурсы 5-7 сынып оқушылары,Эссе жазу  8-11 сынып оқушылары. Жеңімпаз оқушылар І,ІІ,ІІІ орын Дипломдарымен марапатталады. Салынған суреттер мен жазылған эсселерді 20 сәуірге дейін Akiseva@mail.ru электрондық мекен жайына немесе 87783710833 Whatsapp нөмеріне жолдау қажет.

Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын»  қосымша білім беру орталығы