“Менің қиялымдағы әлем” онлайн сурет конкурсына қатысуға шақырамыз!

  1. @syrdaryny парақшасына тіркелуі қажет
  2. Өз парақшасына салынған суретке @syrdaryny парақшасын белгілеп, #сырдыңжарықжұлдызы, #сырдарыныконкурсынақатысамын хештегтерін жазу
  3. Осы посттың астына 3 досын белгілеп,пікір қалдыру
  4. Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт
  5. Конкурсқа жалпы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатысады
  6. Конкурсқа жеке парақшалар қатыса алады (интернет магазин, конкурс үшін ашылған аккаунттар, фейк парақшалар қатыса алмайды)
  7. Қатысушы үйден шықпай қазіргі уақытта әлемде болып жатқан жағдайға байланысты өз ойын қағаз бетіне сурет арқылы жеткізуі қажет
  8. Жүктелген сурет астына қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні)
  9. 1-3 суретке дейін жүктей алады
  10. Салынған суреттер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет

Бағалау шарттары

-Қатысушылардың салынған суретінің сапасына және жиналған лайк санына байланысты 1-4, 5-7, 8- 10 сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.

-Әділқазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хаттарымен» марапатталады.

Конкурс нәтижесі 2020 жылдың 28 сәуір күні @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.

Толық ақпаратты  8776-843-19-91; 8702-920-28-09 байланыс нөмірінен біле аласыздар!

Сыр елінің барлық дарындарын бізбен бірге белсенді болуға шақырамыз!