5-10 сынып оқушылары арасында «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбындағы қашықтық облыстық бейнероликтер байқауына қатысуға шақырамыз

Жалпы ережелер

 Қызылорда облысының білім басқармасының «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының 5-10-сынып оқушылары арасында «Бірлігі жарасқан-Қазақстан» тақырыбында қашықтықтан облыстық бейнероликтер байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізеді.

Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы

Байқаудың мақсаты:

 1мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесінің-қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру.Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт-дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, адал ниеті мен мақсат-мүдде ортақтығының символына айналған ынтымық күнінің маңызын дәріптеу.

Байқаудың міндеттері

-сыйластық, татулық, бақыт ұғымдарын креативті ашу;

-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.

-достыққа, татулыққа, Отанын құрметтеуге шақыру.

-қашықтықтан әлеуметтік желі арқылы қорытындысын жариялау.

Байқаудың талаптары

  1. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт-дәстүрін ел бірлігі мен татулығын арқау еткен 3-5 минуттық бейнеролик жіберу керек.
  2. «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

3.Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 5-10-сынып оқушылары қатыса алады.

4.Бейнероликті 1 немесе 2 адамнан аспайтын авторлық құрам дайындай алады.

Қатысушылардың жас ерекшелігі

 Байқау комиссиясының қарауына өз жұмыстарын жалпы білім беретін мекемелердің 5-10-сынып оқушылары ұсына алады. Әр сыныптың жұмыстары бөлек қарастырылады. Комиссия әр сыныптан үздік жұмыстарды іріктеп алады. Авторлық құқық қорғалады, сонымен қатар әр оқушы бір бейнеролик ұсынады,түсірілген бейнероликті белгіленген күннен кешікпей жіберу керек. Қатысушы жұмыстарын үйден шықпай орындауға болады, өзі жайлы ақпаратты толық жазу шарт (ауданы/қаласы,мектебі,сыныбы, толық аты-жөні). Әр оқушы бейнеролигін Whatsapp желісі арқылы немесе электронды почтасы арқылы жіберуге болады.

Байқауды өткізу мерзімі

 Байқау 20-30 сәуір аралығында өткізіледі, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына электронды мекен-жайына kosymsha.bilim.bery@mail.ru а.ж 30 сәуіріне дейін поштасына жолдауы қажет.

Марапаттау

 Жеңімпаз оқушылар облыстық білім басқармасының I,II,III дәрежелі дипломдарымен және «Алғыс» хаттарымен марапатталады .

Толық ақпаратты 87057016446, 87764570072 байланыс нөмірінен біле аласыздар!