5-9 сынып оқушылары арасында «Ұлт бірлігі – болашақ негізі» тақырыбында қашықтық облыстық эсселер байқауына қатысуға шақырамыз!

Жалпы ережелер 

Қызылорда облысының білім басқармасының «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-9-сынып оқушылары арасында «Ұлт бірлігі- болашақ негізі» тақырыбында қашықтықтан облыстық эсселер байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізеді.

Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы                                                                                                

Байқау мақсаты мен міндеттері

Байқаудың мақсаты – тәуелсіз Қазақстанда тұратын сан ұлтты халықтың ынтымағын, Отанымызды өркендетудегі ортақ мүддесі мен игілікті істеріне негіз болған қазақстандық патриотизмді паш ету.

Міндеттері

  • Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықты нығайту;
  • Ұлтаралық мәдениет пен дәстүр сабақтастығын дәріптеу;
  • Дарынды оқушыларды ынталандыру, олардың ұлттар достастығына деген қызығушылығын дамыту.

Жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар

Файл – Microsoft Word

Көлемі – А4 форматындағы 2 беттен аспауы тиіс.

Қарпі – Times New Roman

Қаріптің кеглі – 14

Жоларалық интервал – 1,0

Шеттерінің өлшемі:

солынан – 3 см, оңынан – 1,5 см, үстінен – 2 см, астынан – 2 см

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

   Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса төмендегі кесте бойынша толтырылады. Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.

Оқушының аты-жөні Қала/аудан Мектебі Сыныбы Эссе тақырыбы Электронды поштасы Ұялы байланыс телефоны
             

Жұмыстың бірегейлігіне қойылатын талаптар

Баспасөз беттеріндегі, кітаптардағы, сайттардағы дайын ақпараттарды пайдалануға болмайды. Мәтіннің бірегейлігі 75 %-дан кем болмауы тиіс.

Келтірілген оқиғалардың, техникалық, әлеуметтік, психологиялық және басқа да мәліметтердің, жалқы есімдердің, цитаталар мен басқа да мәліметтердің растығы мен іріктелуі үшін, ашық жариялауға арналмаған деректерді пайдаланғаны үшін автор толықтай жауапты.

Қатысушылар жас ерекшелігі

Байқау комиссиясының қарауына өз жұмыстарын жалпы білім беретін мекемелердің 5-9-сынып оқушылары ұсына алады. Әр сыныптың жұмыстары бөлек қарастырылады. Комиссия әр сыныптан үздік жұмыстарды іріктеп алады.

БАҚ-да жариялау

Эссені байқау комиссиясының қарауына жіберу арқылы автор (және/немесе автордың ата-аналары) жұмысты толық көлемде немесе кейбір бөліктерін БАҚ-да, интернет порталдарда, әлеуметтік желілерде (коммерциялық емес мақсатта, авторын көрсете отыра) жариялауға келісім береді. Үздік жұмыстар өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Марапаттау

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, орталықтық әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Байланыс тетіктері

Байқау жұмыстарын, хаттың тақырыбына эссе авторының тегін көрсетіп, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына электронды мекен-жайына kosymsha.bilim.bery@mail.ru а.ж. 1 мамырына дейін жолдауы қажет. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: 87057016446, 87764570072