5-9 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала сарбазы» тақырыбында қашықтық облыстық эсселер байқауына қатысуға шақырамыз!

Жалпы ережелер

Қызылорда облысының білім басқармасының «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала сарбазы» тақырыбында қашықтықтан облыстық эсселер байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізу.

Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқау мақсаты мен міндеттері

  • ҰОС батырларының ерлігін куәландыратын құжаттармен толықтыру, тиісті алғыс пен құрметке бөленбей, елеусіз қалған ардагерлер ерлігін іздеу және анықтау;
  • мектеп оқушыларын ҰОС ардагерлеріне құрметпен қарауға баулу;
  • дарынды оқушыларды ынталандыру, олардың Қазастан елінің тарихына деген қызығушылығын дамыту.

Жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар

Файл – Microsoft Word

Көлемі – А4 форматындағы 3 беттен көп емес

Қарпі – Times New Roman

Қаріптің кеглі – 14

Жоларалық интервал – 1,0

Шеттерінің өлшемі:

солынан – 3 см, оңынан – 1,5 см, үстінен – 2 см, астынан – 2 см

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса беріледі, олар байқауға қатысушының сауалнамасында көрсетіледі. Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.

Жұмыстың бірегейлігіне қойылатын талаптар

Баспасөз беттеріндегі, кітаптардағы, сайттардағы Ұлы Отан Соғысы туралы дайын ақпараттарды пайдалануға болмайды. Мәтіннің бірегейлігі          75 %-дан кем болмауы тиіс.

Ардагерлердің немесе олардың отбасы мүшелерінің, достарының, таныстарының естелік баяндары сөзбе сөз жазылуы қажет.

Келтірілген оқиғалардың, техникалық, әлеуметтік, психологиялық және басқа да мәліметтердің, жалқы есімдердің, цитаталар мен басқа да мәліметтердің растығы мен іріктелуі үшін, ашық жариялауға арналмаған деректерді пайдаланғаны үшін автор толықтай жауапты.

Қатысушылар жас ерекшелігі

Байқау комиссиясының қарауына өз жұмыстарын жалпы білім беретін мекемелердің 5-9 сынып оқушылары ұсына алады. Әр сыныптың жұмыстары бөлек қарастырылады. Комиссия әр сыныптан үздік жұмыстарды іріктеп алады.

БАҚ-да жариялау

Эссені байқау комиссиясының қарауына жіберу арқылы автор (және/немесе автордың ата-аналары) жұмысты толық көлемде немесе кейбір бөліктерін БАҚ-да, интернет порталдарда, әлеуметтік желілерде (коммерциялық емес мақсатта, авторын көрсете отыра) жариялауға келісім береді. Үздік жұмыстар өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Марапаттау

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен мараптталып, орталықтық әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Байланыс тетіктері

Байқау жұмыстарын, хаттың тақырыбына эссе авторының тегін көрсетіп, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына электронды мекен-жайына syrdaryny@mail.ru а.ж. 4 мамырына дейін жолдауы қажет. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: 8776-843-19-91, 8702-920 28-09 (Назерке)