1-6 сынып оқушылары арасында «Елдік пен ерлік мекені» тақырыбындағы қашықтық облыстық жас суретшілер байқауына қатысуға шақырамыз!

Жалпы ережелер

Қызылорда облысының білім басқармасының «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 1-6 сынып оқушылары арасында «Елдік пен ерлік мекені» тақырыбында қашықтықтан облыстық сурет байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізу.

Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы

Байқау мақсаты мен міндеттері

  • Оқушыларды екінші дүние жүзілік соғыстағы жеңіс туын көтерген тарихи сәттерді бейнелету арқылы Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
  • Тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру. Жас суретшілердің талабын шыңдау.
  • Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту. Талантты суретшілерді анықтап, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына қолдау білдіру.

Жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар

1.Байқауға ұсынылған жұмыстар JPEG  немесе GIF форматында электронды түрде ұсынылады. Ол үшін жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт. Сурет А4 парақ бетінде салынған болуы керек.

  1. Кез-келген бейнелеу құралымен (майлы бояу, акварель, гуашь, түрлі-түсті карандаш) салынған жұмыс қабылданады.

3.Жұмыстарды Whatsapp желісі арқылы немесе электронды почта арқылы жіберуге болады. Бір қатысушыдан қабылданатын суреттер саны 1 данадан артық болмауы қажет.

4.Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса беріледі, олар байқауға қатысушының сауалнамасында көрсетіледі. Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.

Жұмыстың бірегейлігіне қойылатын талаптар

Жұмыстар бұрын салынған, сондай-ақ бөгде адамның қолымен салынған немесе бастырылған болмауы тиіс. Интернеттен алынған, бұрын жарияланған суреттер авторлық құқыққа сай есепке алынбайды. Жұмысты бағалау ойлау ерекшелігі, орындау эстетикасы, түстерді жарасымды қолдану, бейне композициясы, суреттің түпнұсқалығы өлшемдерімен бағаланады.

Қатысушылар жас ерекшелігі

Байқау комиссиясының қарауына өз жұмыстарын жалпы білім беретін мекемелердің 1-6 сынып оқушылары ұсына алады. Әр сыныптың жұмыстары бөлек қарастырылады. Комиссия әр сыныптан үздік жұмыстарды іріктеп алады.

БАҚ-да жариялау

Жұмыстарды байқау комиссиясының қарауына жіберу арқылы автор (және/немесе автордың ата-аналары) жұмысты  БАҚ-да, интернет порталдарда, әлеуметтік желілерде (коммерциялық емес мақсатта, авторын көрсете отыра) жариялауға келісім береді. Үздік жұмыстар өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Марапаттау

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен мараптталып, орталықтық әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Байланыс тетіктері

Байқау жұмыстарын, хаттың тақырыбына эссе авторының тегін көрсетіп, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының электронды мекен-жайына (elumiti-orda@mail.ru) а.ж. 8 мамырына дейін жолдауы қажет. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: 8701-861-10-13, 8778-371-08-33

Translate/Перевести/Аудару