“Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!” тақырыбындағы қашықтықтан ақындар мүшайрасына қатысуға шақырамыз!

Жалпы ережелер

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2019-2020 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары арасында «Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!» тақырыбындағы қашықтықтан whatsapp әлеуметтік желісі арқылы облыстық ақындар мүшайрасын (бұдан әрі – Мүшайра) өткізу.

Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Мүшайраның мақсаты мен міндеттері

  • Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру;
  • Білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту;
  • Ұлы Жеңіс жолындағы ерен еңбектерді ұғындыру;
  • Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қабілеттерін арттыру.

Мүшайраны ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Мүшайра 2 турдан тұрады:

  • Бірінші тур – ақынның өлең кітабына шолу (бар болған жағдайда) видеосы (3,5-4 минуттан аспайтын)
  • Екінші тур – тақырыпқа сай дайындаған 3 өлеңін нақышына келтіріп орындау(видео арқылы)

Қатысушы 2 тур бойынша дайындалған видеоны және өзі жайлы ақпаратты (қала/аудан, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні) 8776-843-19-91 whatsapp нөміріне жолдауы қажет.

Мүшайраға қатысушылар

Жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары

Мүшайраның рәсімделу талаптары мен шарттары

Жұмыстар қазақ тілінде орындалады.

Мүшайраға қатысушылар Ұлы Жеңіс, осы уақытқа дейінгі ата- бабамыздың ерліктері жайында шығарған туындыларын тапсыра алады.

Мүшайра шартына сәйкес келетін өлеңдер ғана қабылданады.

Көшірме болып табылатын, авторлық емес туындылар байқауға қабылданбайды.

Мүшайраға қатысқан туындыларға пікір жазылмайды, қайтарылмайды және ұйымдастыру комитеті авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға құқығы бар.

Қазылар алқасы және марапаттау

Ең үздік туындыны іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • Ойының ұшқырлығы мен көркемдеп жеткізілуі;
  • Туынды мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
  • Оқушының туындыны мәнеріне келтіре орындауы мен жеткізе білуі;

Мүшайраның жеңімпаздарын марапаттау

Мүшайра жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған               syr-daryny.kz ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.

Толық ақпарат: 8776-843-19-91; 8702-920-28-09 (Назерке) байланыс нөмірінде.