«Менің отбасым» атты
1-4 сынып оқушыларына арналған облыстық қашықтықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық сурет сайысын өткізу ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
1.1. Осы Ереже Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының 2020 жылғы 6 мамырдағы «15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған онлайн-форматтағы іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беретін ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» тақырыбындағы қашықтықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық сурет сайысын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды ( бұдан әрі- Сайыс)
1.2. Ұйымдастырушылар Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру; отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу; отбасын құрметтеуге татулыққа тәрбиелеу.
- Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары қатыса алады.
3.2. Байқауға қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2020 жылдың 14 мамырына дейін тапсырады. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.
3.3. Ұйымдастыру комитетінің мекен- жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, е-mail: kosymsha.bilim. bery@ mail.ru а.ж. 14 мамырына дейін жолдауы қажет. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: 87057016446, 87764570072
- Қазылар алқасы және марапаттау
5.1. Қазылар алқасының мүшелері жұмыстарды төмендегі өлшемдермен 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды:
-композиция;
-бояуы;
-тақырыпқа сәйкестігі;
-жұмыстың безендірілуі.
5.2. Байқау жүлдегерлері облыстық білім басқармасы басшысының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диломдарымен марапатталады.
Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Аудан/қала |
Оқушының аты-жөні |
Мектебі (ауыл, № лицей, гимназия) |
Сыныбы |
Дайындаған пән мұғалімінің аты-жөні, байланыс нөмірі, почтасы |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
Жетекшісі: (аты-жөні, нөмірі) |