1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қашықтық және онлайн форматында өтетін облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 5-9 сынып оқушылары арасында «Dance-life» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық отбасылық би байқауна қатысуға шақырамыз!

Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы

  1. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қашықтық және онлайн форматында өтетін облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында Dance-life» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық отбасылық би байқауы (бұдан әрі- Байқау) өткізу ережелері оның мақсаты, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

Мақсаты: балалардың шығармашылық әулетін іске асыру үшін жағдай жасау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және жандандыру, белсенді шығармашылық қызметке тарту.

Міндеттері:

балалар шығармашылығын насихаттау;

балалардың бос уақытын өткізу қызметі үшін жағдай жасау;

байқауға қатысушыларды жаңа шығармашылық жетістіктерге ынталандыру;

балалар арасында бейнеөнерді насихаттау;

балалардың бейне-қөзқарасының түпнұсқасын ашу және оны бейне роликтер арқылы көрсету

  1. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

   Байқау 29 мамыр күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында өткізіледі. Қатысушы өзі туралы мәліметті kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына  а.ж. 29 мамырға дейін жолдауы қажет.

Байқауға 2020  жылғы  29 мамырдан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмеген  байқау материалдары қарастырылмайды.

  1. Байқаудың қатысушыларына қойылатын талаптар

Хореографиялық шығармашылықты насихаттау, бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту ;

 Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

  1. Халық биі және халықтық-стильденген би:

а) әлем халықтарының биі;

б) қазақ биі.

  1. Заманауи би:

а) эстрадалық би;

б) аралас-би.

Би ұжымдары  ұзақтығы 3 минутке дейінгі бір байқаулық нөмірден орындап, сапалы түрде видеоға  түсіріп ұсынады. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының  5-9 сынып оқушылары отбасылық  мүшелерімен қатысу қажет.

4.Бағалау өлшемдері:

стильдердің үйлесімділігі және түпнұсқалығы, вариативтілігі;

жоғары сапалы орындаушылық;

би қойылымы-идеясы;

техникасы және орындаушылық деңгейі;

сюжеті мен әртістік шеберлігі;

сахналық көрінісі (костюммен жабдықталуы).

  1. Байқауды кәсіби әділқазылар алқасы 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
  2. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

Жеңімпаз оқушылар облыстық білім басқармасының I,II,III дәрежелі дипломдарымен  және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс» хаттарымен марапатталады .

Қатысушы жұмыстарын үйден шықпай орындауға болады, өзі жайлы ақпаратты толық жазу шарт (ауданы/қаласы,мектебі,сыныбы, толық аты-жөні).