Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бүлдіршіндері арасында «Бала тілі- бал» тақырыбында облыстық қашықтықтан бейнеролик байқауына қатысуға шақырамыз!

Қызылорда облысының білім басқармасының 1 маусым – Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай балалардың әлеуметтік дағдыларын өз бетінше оқуды дамыту,өзін-өзі дамытуға баулу, мейірімділігін насихаттауға  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Бала тілі-бал» тақырыбында облыстық қашықтықтан бейнеролик байқауын өткізу.

 Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы

  1. Бейнероликтің өткізу мақсаты мен міндеттері:
  • бүлдіршіндерді мектепке даярлау мақсатында тілдік қорын молайту, сөйлеу дағдыларын дамыту, жақсы көңіл күйде жүруге машықтандыру;
  • өзін ортада толыққанды сезіну, ата-ана қамқорлығында екенін түсіну;
  • отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста сүйіспеншілікте болу, бақытты балдырған екенін сендіру.

Жұмыстың бірегейлігіне қойылатын талаптар

Әрбір баланың балалық шағының қызықты күндері мен тәтті қылықтарын,  қызықты әңгімелерін, ұмытылмас сәттері жайлы, достары туралы бейнеролик жасап, таспалап электронды почтаға жолдау. Қатысушы ұсынған бейнероликтер санына шектеу қойылмайды.

 Байқауға жіберілген бейнематериалдар мына жағдайларда қатыстырылмайды:

– үшінші адамның авторлық құқықты бұзуы;

– байқау тематикасына сәйкес келмейтін материалдар;

– көркемдік және техникалық сапасының нашар болуы;

– мазмұны моральдық-этикалық қағидаларға сәйкес келмеуі.

Жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар

  • Бейнеролик MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында қабылданады.
  • Бейнероликтің сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел.
  • Бейнероликтіңұзақтығы –  3 минуттан аспау қажет.
  • Бейнероликтің қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.
  • Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса беріледі,
  • Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.

Марапаттау

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, орталықтың әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады. Ұсынылған жұмыстарын бағалау критерийі:

– бейнематериалдардың тақырыпқа сәйкес келуі;

– ұсынылған материалдың ерекшелігі;

– техникалық және сапалы орындалуы.

Байланыс

Әзірленген бейнероликтерді  aiko_01-03-86@mail.ru электронды мекен-жайына а.ж. 28 мамырына дейін жолдауы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: 8-707-614-79-75 Айгерім