2020 жылдың 4 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында 11-17 жас оқушылары арасында «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы өткізілді .
Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Жарыстың міндеттері:
әр түрлі өңірлердің білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;
балаларды инновациялық ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту;
инновациялық технологиялар саласында жаңа құзыреттілікті қалыптастыру;
техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында оқитын дарынды, талантты білім алушыларды анықтау;
топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
іс-шаралар арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.
Жарысқа 12 оқушы қатысып, 7 оқушы I, II, III дәрежелі дипломдарымен ( І орын-5, ІІ орын-1, ІІІ орын-1) марапатталды.
Радиомен басқарылатын көлік модельдері:
І дәрежелі диплом иегері:
Жалғасбай Елдос-Қазалы ауданы, №70 мектеп, 8-сынып
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Жиенхожаев Рамазан-Жаңақорған ауданы, №51 мектеп, 9-сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Ақтөреев Саят-Шиелі ауданы, №45 мектеп, 8-сынып
Драгстер сызбасы бойынша автотрассалық модельдеу:
І дәрежелі диплом иегері:
Қазтаев Жолмырза-Қармақы ауданы, №105 мектеп, 10-сынып
Әуе модельдері:
І дәрежелі диплом иегері:
Жайнарбеков Шадияр-Қармақшы ауданы, №121 мектеп, 9-сынып
Зымыран модельдері:
І дәрежелі диплом иегері:
Утегенова Ақгүл-Қармақшы ауданы, №273 мектеп, 11-сынып
Кеме модельдері:
І дәрежелі диплом иегері:
Жалғасбай Елдос-Қазалы ауданы, №70 мектеп, 8-сынып