«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңінің қорытындысы


2020 жылдың 10 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі өткізілді.
Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Слеттің міндеттері:
1) ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
2) балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;
3) тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
4) «Менің Отаным-Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экспедициялары арасынан ең үздік экспедициялық жасақтарды анықтау;
5) білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;
6) республикадағы оқушылардың туристік-өлкетану бірлестіктерінде жинақтаған озық тәжірибелерін жалпылау және тарату;
7) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Слетқа 37 оқушы қатысып, 22 оқушы облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Бард әндері» байқауы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Орналиева Айжан-Қармақшы ауданы, №275 мектеп, 10 сынып;
І. Өлкетану блогы. «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Күнтөреева Еңлік-Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 10 сынып;
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Байжігітова Нұрай-Арал ауданы, №220 мектеп, 8 сынып;
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Ержанқызы Ақбота-Қармақшы ауданы, №279 мектеп, 8 сынып;

«Туған өлке соқпақтары» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Марат Асылай-Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 9 сынып;
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Алтынбекова Динара-Қармақшы ауданы, №121 мектеп, 11 сынып;
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Қасиет Шамшат-Шиелі ауданы, №47 мектеп, 10 сынып;

«Ең керемет туристік өлке» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Байболат Нұрасыл-Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 10 сынып;
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Тілегенов Санжар-Қармақшы ауданы, №277 мектеп, 9 сынып;
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Сымағамбет Әсем-Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 9 сынып;

II. Экологиялық блок. «Туған өлкенің тарихы» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Бимағанбет Інжу-Шиелі ауданы, №47 мектеп, 11 сынып;
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Тыныбекұлы Асылкеней-Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 9 сынып;

Экологиялық соқпақ номинациясы бойынша:
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Орынбек Әсемай-Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 10 сынып;
Алдаберген Айдана-Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 10 сынып;

III. Туристік блок. «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Бектенова Алина-Қармақшы ауданы, №273 мектеп, 9 сынып;
Залиева Нұрай-Қармақшы ауданы, №273 мектеп, 9 сынып;
Арғынова Аида-Қармақшы ауданы, №273 мектеп, 9 сынып;
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Қартаңбек Өркен – Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 11 сынып;
Әділбек Жаннұр -Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 11 сынып;
Қуанышбай Рашид- Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 11 сынып;

«Туризм білімпаздары» номинациясы:
І дәрежелі диплом иегері:
Құдайберген Әсем-Қармақшы ауданы, №273 мектеп, 9 сынып;
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Қалдыбек Ерғали-Жалағаш ауданы, №32 мектеп, 11 сынып;