Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында
«Табиғат- тал бесігім» тақырыбындағы қашықтан
әлеуметтік желі арқылы облыстық бейнеролик конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Табиғат- тал бесігім» тақырыбындағы қашықтықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық бейнеролик конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
2.Конкурстың мақсаты мен міндеттері
- Өскелең ұрпақты әлеуметтік желіні тиімді пайдалануға тәрбиелеу;
- Білім алып жатқан жастарда толерантты мінез-құлықты қалыптастыру;
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
- Үйден шықпай әлемде болып жатқан қолайсыз жағдайда оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру;
- Табиғат – қазына байлық екенін түсіндіру. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу;
- Экологиялық білім кеңістігін кеңейту;
- Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
3. Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
1.@syrdaryny парақшасына тіркелуі қажет
2.Өз парақшасына салынған суретке @syrdaryny парақшасын белгілеп, #табиғатталбесігіміз, #сырдарынымын хештегтерін жазу
3.Осы посттың астына 3 досын белгілеп,пікір қалдыру
4.Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт
5.Конкурсқа жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары қатыса алады
6.Конкурсқа тек жеке парақшалар қатысады (интернет магазин, конкурс үшін ашылған аккаунттар, фейк парақшалар қатыса алмайды)
7.Қатысушы экологиялық мәні бар, табиғатты қорғауға бағытталған бейнеролик ұсынуы қажет
8.Жүктелген бейнеролик астына қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні)
9.1-3 бейнеролик қана жүктей алады
10.Салынған суреттер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет
4. Бағалау критерийлері
– Қатысушылардың салынған бейнероликтерінің сапасына және жиналған лайк санына байланысты 5-6, 7-8 сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.
– Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хаттарымен» марапатталады.
Конкурс нәтижесі 2020 жылдың 25 қыркүйек күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.
Толық ақпаратты 8771-511-37-87 байланыс нөмірінен білуге болады.