2020 жылдың 15 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Фестиваль-байқаудың міндеттері:
балалар шығармашылық бірлестіктерінде білім беру қызметі сапасын арттыру;
өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелу тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен балалар мен жастар театр ұжымдарын, дарынды орындаушылар мен кәсіби педагогтарды, балалар мен жастар театр ұжымдарын ұйымдастырушыларды анықтау;
балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруға ынталандыру;
балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға ықпал ету;
балалар мен жастардың театр ұжымдары арасында шығармашылық байланыс үшін жағдай жасау, тәжірибемен алмасу.
Фестиваль-байқауға 8 команда қатысып, 4 команда облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және 2 оқушы «Үздік ер адамның рөлі», «Үздік әйел адамның рөлі» номинациясымен, 2 команда «Үздік сахналық костюм», «Үздік орындаушылық шеберлік» номинацияларымен марапатталды.
«Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары) бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Қармақшы ауданы- №273 мектеп оқушылары
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша:
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Қызылорда қаласы-№4 облыстық дарынды мектеп-интернаты оқушылары
«Қуыршақ театры» номинациясы бойынша:
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Шиелі ауданы-№148 мектеп оқушылары
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша:
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Жалағаш ауданы-№38 мектеп оқушылары
«Үздік орындаушылық шеберлік»
Жалағаш ауданы-№202 мектеп оқушылары
«Үздік сахналық костюм» номинациясына
Қармақшы ауданы-№99 мектеп оқушылары
«Үздік әйел адамның рөлі»
Қызылорда қаласы- Жорабек Эльмира, №4 ОДМИ
«Үздік ер адамның рөлі»
Жалағаш ауданы- Өміртай Әл-Фараби, №38 мектеп