Жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Ұстазым менің, ұстазым…» тақырыбындағы қашықтан облыстық шығармалар байқауының ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1.Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Ұстазым менің, ұстазым…» тақырыбындағы қашықтан сырттай облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
1.2.Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1.Оқушыларға ұстаз мәртебесін насихаттау.
2.2.Ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
2.3.Еліміздің ертеңі – жас буынға рухани қарым-қатынас пен ұстазбен оқушы арасын байланыстырушы алтын көпірді нығайту.
2.4.Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
2.5.Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
3.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1.Байқау а.ж. 1 қазан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтықтан сырттай өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды а.ж. 29 қыркүйегіне дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
3.2.Байқау аяқталған күннен кейін – шығармалар қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес шығармалар қарастырылмайды.
3.3.Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
4.Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
4.1.Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
4.2.Материалдың мәтіні А4 форматында жазылады. Бет саны 2 беттен кем болмауы тиіс.
4.3.Құжат MS Word форматында жазылады;
Қаріп түрі Times New Roman;
Қаріп өлшемі – 14, интервал 1 болуы тиіс.
4.4.Шығарма мәтінінің орналасу реті төмендегіше:
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
– авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);
4.5. Шығарманың орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы жауапты. Байқауға ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Байқауға ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.
5.Бағалау критерийлері
5.1. Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
жазба тілінің сапасы;
зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
6.Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
6.1.Байқауды бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-9 сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.
6.2.Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқау нәтижесі 2020 жылдың 2 қазан күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.
Толық ақпаратты 8771-511-37-87 байланыс нөмірінен білуге болады.