«Мектебің – алтын ұя жарқыраған, Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған» облыстық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз!

Ұстаздар мерекесі күніне орай қашықтан жалпы білім беру ұйымдарының 5-10 сынып оқушылары арасында «Мектебің – алтын ұя жарқыраған, Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған» облыстық
бейнероликтер конкурсының
ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұстаздар мерекесі күніне орай қашықтан жалпы білім беру ұйымдарының 5-10 сынып оқушылары арасында «Мектебің – алтын ұя жарқыраған, Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған» облыстық бейнероликтер конкурсын (Бұдан әрі- Конкурс) өткізу.
Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

2.Қонкурстың мақсаты мен міндеттері

-Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп келе жатқан ұстаздардың шәкірт өміріндегі рөлін ұғындыру;
-Оқушыларға алтын ұя мектебі, алғашқы ұстазы, естелікке толы бақытты балалық шағының қайталанбас сезім екенін түсіндіре отырып патриоттық сезімге тәрбиелеу;
-Жаңа заман ақпараттық технологиялар заманы болса, сол заманның алтын кілті бүгінгі ұрпақтың қолында екенін сезіндіру. Ел болашағының жарқын болуы үшін жауапкершілікке шақырып, өздіктерімен ізденіп, қабілеттерін дамытуға себепкер болу.

3.Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Конкурс – а.ж. 2 қазан күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтан өткізіледі.
-Конкурсқа қатысу ұсынысын 2020 жылдың 30 қыркүйек күні syrdaryny@mail.ru электронды поштасына жіберуі қажет. Қатысу ұсынысында оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың тақырыбы толық көрсетілуі міндетті.

-Конкурсқа кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың (видео, фотокамера және ұялы телефон) көмегімен түсірілген 3 минутқа дейінгі бейнероликтер қатыса алады.


4.Конкурс жұмыстарын рәсімдеу талаптары
-Видеоның форматы: avi, mpеg, mp4, wmv, flv, mkv, vob, mov.
-Бейнероликте фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер мен титрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттерді қолдануға болады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.
-Конкурсқа бір автор бір бейнероликтен артық ұсына алмайды. Ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.
-Бейнеролик өзге автордың құқығын бұзбауы тиіс. Бейнероликтің мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келетін, азаматтардың құқығы мен намысына тиетін, ұлттық, діни, нәсілдік ымырасыздыққа шақыратын элементтер болмауы тиіс.
-Конкурстың ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.

5.Бағалау критерийлері
Конкурс жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады:
-сюжеттік линияны сақтау;
-баяндау сауаттылығы (титрлары, дыбысталуы, қорғау кезіндегі сөйлеу);
-бейнелеу сапасы;
-идеяның, тақырыптың өзектілігі;
-монтаж;

6.Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталады
Жеңімпаздар мәліметі орталықтың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында (ресми сайт:syr-daryny.kz; инстаграмм: @syrdaryny; фейсбук: «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы) жарияланатын болады.