Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан 2020 жылдың 2 қазан күні жалпы білім беру ұйымдарының 5-10 сынып оқушылары арасында «Мектебің – алтын ұя жарқыраған, Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған» облыстық бейнероликтер конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
-Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп келе жатқан ұстаздардың шәкірт өміріндегі рөлін ұғындыру;
-Оқушыларға алтын ұя мектебі, алғашқы ұстазы, естелікке толы бақытты балалық шағының қайталанбас сезім екенін түсіндіре отырып патриоттық сезімге тәрбиелеу;
-Жаңа заман ақпараттық технологиялар заманы болса, сол заманның алтын кілті бүгінгі ұрпақтың қолында екенін сезіндіру. Ел болашағының жарқын болуы үшін жауапкершілікке шақырып, өздіктерімен ізденіп, қабілеттерін дамытуға себепкер болу.
Конкурсқа 30-ға жуық оқушы қатысып, төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және 3 оқушы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
Аманбек Батыржан – Жалағаш ауданы, №34 мектеп 5 сынып
Өтеш Балнұр – Жалағаш ауданы, №201 мектеп 8 сынып
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Алмат Нұртілек – Қызылорда қаласы, №5 мектеп 6 сынып
Нұрлыбекқызы Айдана – Қармақшы ауданы, №277 мектеп 6 сынып
Пак Павел – Қызылорда қаласы, №5 мектеп 8 сынып
Абибулла Айымжан – Қызылорда қаласы, №101 мектеп 10 сынып
Мұзаппар Мадияр – Қызылорда қаласы, №101 мектеп 10 сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Оразғали Айару – Қармақшы ауданы, №274 мектеп 5 сынып
Серікқызы Айзада – Қызылорда қаласы, №7 мектеп 7 сынып
Бүркітбай Айдын – Қызылорда қаласы, №7 мектеп 7 сынып
Елеусізова Шұғыла – Қармақшы ауданы, №79 мектеп9 сынып
Абсами Мерей – Қызылорда қаласы, №101 мектеп 10 сынып
Лепес Расул – Арал ауданы, №66 мектеп
«Алғыс хат» иегерлері
Хамзаева Дана – Қармақшы ауданы, №277 мектеп 9 сынып
Изтилеу Әсел – Жалағаш ауданы, №246 мектеп, 10 сынып