Жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары арасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық сурет байқауының ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1. Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары арасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы қашықтан сырттай облыстық сурет байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
1.2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін және өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, Елбасына деген құрмет, сезімін ояту.
2.2. Тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру.
2.3. Жас суретшілердің талабын шыңдау. Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.
2.4. Талантты суретшілерді анықтап, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына қолдау білдіру.
3.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Байқаудың ІІ кезеңі а.ж. 29 қазан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтықтан сырттай өткізіледі.
3.2. І кезеңі бойынша қорытынды жұмыстарды (аудандық/қалалық) а.ж. 23 қазанға дейін жинақтап және байқауға қатысу өтінімі мен ұсыныстары мен жұмыстарды elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
3.3. Байқау аяқталған күннен кейін – суреттер қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес суреттер қарастырылмайды.
3.4. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
4.Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
4.1. Байқауға ұсынылған жұмыстар JPEG электронды түрде ұсынылады. Ол үшін жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт. Сурет А4 парақ бетінде салынған болуы керек.
4.2. Кез-келген бейнелеу құралымен (майлы бояу, акварель, гуашь, түрлі-түсті карандаш) салынған жұмыс қабылданады.
4.3. Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса беріледі, олар байқауға қатысушының сауалнамасында көрсетіледі. Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.
5.Бағалау критерийлері
5.1. Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
-Тақырыптың ашылуы;
-Салынған суреттің сапасы;
-Тақырыпқа сай компизициясының болуы;
-Бояуының ерекшелігі;
-Тақырыпқа сәйкес безендірілуі;
5.2.Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
6.Жұмыстың бірегейлігіне қойылатын талаптар
6. Жұмыстар бұрын салынған, сондай-ақ бөгде адамның қолымен салынған немесе бастырылған болмауы тиіс. Интернеттен алынған, бұрын жарияланған суреттер авторлық құқыққа сай есепке алынбайды. Жұмысты бағалау ойлау ерекшелігі, орындау эстетикасы, түстерді жарасымды қолдану, бейне композициясы, суреттің түпнұсқалығы өлшемдерімен бағаланады.
7.Қатысушылар жас ерекшелігі
7.1.Байқау комиссиясының қарауына өз жұмыстарын жалпы білім беретін мекемелердің 1-4 сынып оқушылары ұсына алады. Әр сыныптың жұмыстары бөлек қарастырылады. Комиссия әр сыныптан үздік жұмыстарды іріктеп алады.
8.Марапаттау
8.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен мараптталып, орталықтық әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.
8.2. Байқау нәтижесі 2020 жылдың 30 қазан күні syr-daryny.kz ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.
Толық ақпаратты 87783710833 байланыс нөмірінен білуге болады.