«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы облыстық байқауының қорытындысы


2020 жылдың 29 қазан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында 1-4 сынып оқушылары арасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін және өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, Елбасына деген құрмет сезімін ояту, сонымен қатар, тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру. Жас суретшілердің талабын шыңдаумен қатар, оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту болып табылады. Байқаудың тағы бір мақсаты- талантты жас суретшілерді анықтап, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына қолдау білдіру.
Облыстық сурет байқауына 41 оқушы қатысып, 15 оқушы білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және 5 оқушы Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
Иса Али- Қармақшы ауданы, №275 мектептің 1 сынып оқушысы;
Қайырбек Нұрбек- Қызылорда қаласы, №264 мектептің 3 сынып оқушысы;
Бекболатқызы Зарина- Арал ауданы, №20 орта мектептің 4 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Төлепберген Нұртөре- Қызылорда қаласы, №264 мектептің 1 сынып оқушысы;
Боранбай Эльдар- Жалағаш ауданы, №188 мектептің 2 сынып оқушысы;
Қуанышбекова Еркеназ- Қармақшы ауданы, №105 мектептің 3 сынып оқушысы;
Шекербек Кәусар- Сырдария ауданы, №129 мектептің 3 сынып оқушысы;
Алпысбай Аружан- Қазалы ауданы, №17 мектептің 4 сынып оқушысы;
Әбжали Минора- Қармақшы ауданы, №250 мектептің 4 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Әбілхасым Әбілмансұр- Жаңақорған ауданы, №195 мектептің 2 сынып оқушысы;
Ерлібайқызы Нұрила- Арал ауданы, №14 мектептің 3 сынып оқушысы;
Қошқар Шахнұр- Шиелі ауданы, №156 мектептің 3 сынып оқушысы;
Қайратұлы Абылайхан- Арал ауданы, №81 мектептің 4 сынып оқушысы;
Жаңабайқызы Дина- Жалағаш ауданы, №203 мектептің 4 сынып оқушысы;
Жиренбай Айзере- Жаңақорған ауданы, №3 мектептің 4 сынып оқушысы.

Алғыс хат иегерлері:
Шалқарбай Кәусар- Арал ауданы, №61 мектептің 2 сынып оқушысы;
Қуаныш Айкерім- Сырдария ауданы, №129 мектептің 2 сынып оқушысы;
Самат Салтанат- Жаңақорған ауданы, №195 мектептің 3 сынып оқушысы.
Бақытбек Абдулхамит- Қазалы ауданы, №17 мектептің 4 сынып оқушысы;
Тәңірберген Ербол- Жалағаш ауданы, №33 мектептің 4 сынып оқушысы.