«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 3-4 қараша аралығында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы қашықтық форматында өткізілді.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Байқауға Қызылорда облысынан 4 оқушы қатысып, 3 оқушы ІІІ дәрежелі диплом және грамотаға ие болды.
ІІІ орын иегері:
Бақытғани Әлихан -Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицей, 10-сынып
Грамота иегерлері:
Күнтөреева Еңлік-Қызылорда қаласы, №10 БИЛ,10-сынып
Өтеген Жанбибі-Қармақшы ауданы, №85 мектеп, 10-сынып
Оқушылармен бірлесіп жұмыс жасап жүрген жетекшілер мен ата-аналарына алғыс білдіреміз!