Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларына арналған Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы


«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 12 қараша күні онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларына арналған Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының негізгі мақсаты мен міндеттері орта ғасырдың атақты ойшылы, ұлы ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің қызметін зерттеуге жас ұрпақтың қызығушылығын ояту, жасөспірімдер арасында ғылыми білімді және интеллектуалды-шығармашылық қызметті танымал ету, оқырманның ой-өрісін кеңейту, шығармашылық, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Облыстық кезеңге физика, жер және ғарыш туралы ғылым, математика, информатика, биология, химия және қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы бағыттары бойынша барлығы 40-қа жуық оқушы қатысып, төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.
Физика бағыты бойынша:
І орын иегері:
•Инюшина Анна – Қызылорда қаласы, №5 мектеп, 10 сынып
ІІ орын иегері:
•Батырханқызы Жадыра – Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 11 сынып
ІІІ орын иегерлері:
•Әбенова Нұрай – Сырдария ауданы, №129 мектеп, 10 сынып

Жер және космос туралы ғылым бағыты бойынша:
І орын иегерлері:
•Едіге Айболат – Қызылорда қаласы, №264 мектеп, 11 сынып
ІІ орын иегері:
•Сұлтан Абзал – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 8 сынып
ІІІ орын иегері:
•Мырзаш Нұрсұлу – Жалағаш ауданы, №202 мектеп, 10 сынып

Математика бағыты бойынша:
І орын иегері:
•Аманбекова Жәния – Сырдария ауданы, №210 мектеп, 9 сынып
ІІ орын иегері:
•Ғабитұлы Ерзат – Қызылорда қаласы, №2 ОДМИ, 9 сынып
ІІІ орын иегері:
•Сабыр Сая – Арал ауданы, №13 мектеп, 9 сынып

Информатика бағыты бойынша:
І орын иегері:
•Асқаров Нұрдәулет – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 10 сынып
ІІ орын иегері:
•Арыстанова Амина – Қызылорда қаласы, №217 мектеп, 10 сынып
ІІІ орын иегері:
•Амангелдиева Жанель – Сырдария ауданы, №37 мектеп, 9 сынып

Биология бағыты бойынша:
І орын иегері:
•Дайырбек Мадина – Қызылорда қаласы, №264 мектеп, 8 сынып
ІІ орын иегері:
•Мамрайм Жібек – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 8 сынып
ІІІ орын иегері:
•Абдулхаким Бибінұр – Шиелі ауданы, №47 мектеп, 9 сынып

Химия бағыты бойынша:
І орын иегері:
•Серікбекова Ақерке – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 10 сынып
ІІ орын иегері:
•Қасиет Шамшат – Шиелі ауданы, №47 мектеп, 10 сынып
ІІІ орын иегері:
•Капташ Қаракөз – Қызылорда қаласы, «Мұрагер», 10 сынып

Қоршаған орта және адам денсаулығын сақтау бағыты бойынша:
І орын иегері:
•Нағидулла Райымбек – Арал ауданы, №83 мектеп, 11 сынып
ІІ орын иегері:
•Әмірхан Әсем – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 8 сынып
ІІІ орын иегері:
•Орынбекова Меруерт – Шиелі ауданы, №48 мектеп, 9 сынып