Жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Елбасы жолы» тақырыбындағы қашықтан облыстық эсселер конкурсының қорытындысы


2020 жылдың 10 қарашасы күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Елбасы жолы» тақырыбындағы қашықтан сырттай облыстық конкурсы өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты мен міндетері: Елбасының еңбек жолын оқушыларға таныстыру арқылы олардың білімге құштарлығын ояту, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дарыту, жетістікке жету жолдарын көрсету, еңбексүйгіштікке баулу. Сондай-ақ, білім алушыларды Елбасының қамқорлық, жақсылық және толеранттылық идеялары мен өнегелері негізінде тәрбиелеу. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назабаев өмірінің үлгісінде оқушылардың көшбасшылық туралы түсініктерін кеңейту: шешім қабылдау, өз еліне деген жауапкершілік, болжау білігі, қойылған мақсатқа нық қадам жасау және оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
Облыстық эссе конкурсына 68 оқушы қатысып, 15 оқушы білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және 2 оқушы Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
•Болатбекқызы Лашын- Қызылорда қаласы, №5 мектептің 6 сынып оқушысы;
•Сағатбек Айымжан- Сырдария ауданы, №36 мектептің 7 сынып оқушысы;
•Бектурқызы Айғаным- Қызылорда қаласы, №264 мектептің 8 сынып оқушысы;
•Бақытжан Жазира- Қызылорда қаласы, №278 мектептің 9 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Курманбай Акерке- Қызылорда қаласы, №5 мектептің 5 сынып оқушысы;
•Жайшылықова Гүлім- Арал ауданы, №220 мектептің 8 сынып оқушысы;
•Али Диас- Қызылорда қаласы, №7 мектептің 7 сынып оқушысы;
•Жарболова Ақбаян- Арал ауданы, №14 мектептің 8 сынып оқушысы;
•Базарбаева Ақнұр- Шиелі ауданы, №41 мектептің 8 сынып оқушысы;
•Сейітқазы Назерке- Қызылорда қаласы, №280 мектептің 8 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
•Есетова Каусар- Қармақшы ауданы, №105 мектептің 5 сынып оқушысы;
•Абдрай Икрам- Қызылорда қаласы, №4 мектептің 5 сынып оқушысы;
•Камаладин Мирас- Сырдария ауданы, №35 мектептің 7 сынып оқушысы;
•Жарбол Гүлсая- №4 Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
•Сайлаубай Ханша- Қызылорда қаласы, №278 мектептің 9 сынып оқушысы.

Алғыс хат иегерлері:
•Орынбасаров Бақдәулет- Арал ауданы, №14 мектептің 5 сынып оқушысы;
•Бозжігіт Баян- Арал ауданы, №14 мектептің 6 сынып оқушысы.

 

 

Translate/Перевести/Аудару