Жалпы білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушылары арасында құқық негіздері пәнінен облыстық олимпиаданың қорытындысы


Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 19 қараша күні онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы 2017- 2020 оқу жылына арналған “Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру” бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушылары арасында құқық негіздері пәнінен облыстық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту;
Ел болашағы жастарға бірін – бірі құрметтей алатын, ұлттық сана – сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызу;
Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қабілеттерін арттыру.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең (аудандық, қалалық) ұсыныстар қабылданды, екінші кезең онлайн форматта қашықтан ZOOM платформасында өткізілді. Екінші кезең 2 турдан тұрады:
Бірінші тур – құқық негіздері пәнінен тест тапсырмалары;(30 минут) Екінші тур – 1 ситуациялық сұраққа 1 минут ішінде жауап беру.
Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

І орын иегері:
•Нуритдин Ботакөз – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ , 9 сынып
ІІ орын иегерлері:
•Майдакараева Нұрайлым – Қармақшы ауданы, №269 мектеп, 9 сынып
•Досқали Ақжол – Қызылорда қаласы, №10мектеп, 9 сынып
ІІІ орын иегерлері:
•Қолғанат Аружан-Қазалы ауданы, №225 мектеп, 9 сынып
•Бижігіт Зере -Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 9 сынып