«ЭКОСТАН-ға САЯХАТ» респуликалық экологиялық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 13 қазан күні қашықтықтан «ЭКОСТАН-ға САЯХАТ» респуликалық экологиялық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты-мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаға деген құрмет сезімін тәрбиелеу, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекеттерін насихаттау, табиғатқа қатысты белсенді адамгершілік позициясын қалыптастыру, яғни мектеп оқушылары экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Жалпы байқауға 25 оқушы қатысып, 11 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

«Менің кіші Отанымның жабайы табиғаты» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Жарбол Гүлсая-Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 8-сынып
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Даутов Ақназар-Қармақшы ауданы, №85 мектеп, 7-сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Урисбаева Аида-Қармақшы ауданы, №269 мектеп, 8-сынып

«Экология және адам» номинациясы бойынша:
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Кәрім Сания-Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 8-сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Сабырқызы Ләззат-Сырдария ауданы, №130 мектеп, 8-сынып

«Мені қоршаған әлем» номинациясы бойынша:
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Аманбай Жансая-Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 8-сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Гажденбек Талшын-Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 7-сынып

«Eco-Nazar: біздің қасымыздағы экологиялық проблема» номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Аяп Ұлзира-Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 9-сынып
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Алпысбай Сабина-Қызылорда қаласы, №267 мектеп, 9-сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Жомартов Ұлықбек-Сырдария ауданы, №131 мектеп, 11-сынып


«Адам және жануарлар әлемі: келісім мен үйлесімдегі өмір номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Ермағанбет Диас-Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 9-сынып