Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 11 желтоқсан күні қашықтан жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық Қадыр оқуларының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:
-Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын анықтау;
-Әдеби тіл байлықтарын, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту;
-Ақынның сөздеріне жазлған әндерін дәріптеу.
Облыстық кезеңге 3 номинация бойынша 21 оқушы қатысып, төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.
«Сөзім барда – өзім бар» – ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу номинациясы бойынша:
І орын. Мұратқызы Мөлдір, Сырдария ауданы, №37 мектеп, 8 сынып
ІІ орын. Рысбай Мөлдір, Қызылорда қаласы, №4ОДМИ, 8 сынып
ІІІ орын. Сәлім Назым, Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 7 сынып
ІІІ орын. Сағынайқызы Ақбота, Қызылорда қаласы, №7 мектеп, 7 сынып
«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» – ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау номинациясы бойынша:
І орын. Абдулқасым Назым, Қармақшы ауданы, №108 мектеп, 8 сынып
ІІ орын. Айдарова Ақерке, Қазалы ауданы, №98 мектеп, 10 сынып
ІІІ орын. Батырханқызы Жадыра, Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 11 сынып
«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» – жазба ақындар мүшайрасы номинациясы бойынша:
І орын. Сейілбек Ханзада, Сырдария ауданы, №37 мектеп, 10 сынып
ІІ орын. Қарабек Ерасыл, Қазалы ауданы, №70 мектеп, 10 сынып
ІІІ орын. Көбеген Нұрай, Арал ауданы, №73 мектеп, 8 сынып
ІІІ орын. Бейбіт Нұрдәулет, Қызылорда қаласы, №217 мектеп, 11 сынып