“Ақберен” республикалық өнер байқауының қорытындысы

Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!
СЫР ЕЛІНІҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ ДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ!
2020 жылдың 9-10 желтоқсан күндері аралығында онлайн режимінде шығармашыл оқушылар арасындағы “Ақберен” VІІ республикалық өнер байқауының қорытынды кезеңі болып өтті. Байқау нәтижесі бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарды иеленді.
“Эссе жазу” номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
Нақыпбекқызы Нұрила – Қармақшы ауданы, №185 мектеп, 11 сынып, Жетекшісі: Нұрханова Гүлнұр
“Ақындар мүшайрасы”, “Шешендік, білгірлік” номинациялары бойынша:
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Піржан Сандыбай – Қызылорда, “Мұрагер” мектебі, 10 сынып, Жетекшісі: Тебегенова Гүлбану
Ғаниев Мұқағали – Қармақшы ауданы, №30 мектеп, 10 сынып, Жетекшісі: Сәдуақасова Мәншүк
“Ақындар айтысы” номинациясы бойынша:
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Төлеген Айқын – Шиелі ауданы, №45 мектеп, 10 сынып, Жетекшісі: Әміров Ержан
Номинациялық диплом иегері:
Шуақбай Ақжол – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 11 сынып, Жетекшісі: Сағымбаева Әлия
Сонымен қатар, команда бойынша 1 орынды – Жамбыл облысы, 2 орынды – Қызылорда облысы, 3 орынды – Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қанжығасына байлады.
Қатысушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, ата-аналарына, мектеп ұжымына, білім бөлімінің жауапты мамандарына алғыс білдіреміз!

Translate/Перевести/Аудару