«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 18 қарашасы күні қашықтан ZOOM платформасы арқылы Лингвистикадан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жақсарту және тереңдету болып табылады. Сонымен қатар, орта мектеп оқушылары арасында тіл туралы, әлемдік тілдік әртүрлілік және лингвистиканың мәні туралы білімді насихаттау мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және лингвистикалық тәжірибеде жалпы білімді шығармашылық қолдануды дамыту. Лингвистиканы зерттеуге қызығушылықты анықтау және дамыту.
Қорытынды кезеңге Қызылорда облысынан 4 оқушы қатысып, нәтижесінде 3 оқушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына және қатысушы сертификаттарына ие болды.
І дәрежелі диплом иегері:
Әбдіхалықова Алина – Қармақшы ауданы, №279 мектеп, 9 сынып
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Амангелдиева Аружан- Арал ауданы, №2 ОДМИ, 8 сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Ли Максим- Қызылорда қаласы, №5 мектеп, 10 сынып