Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мың алғыс саған, туған жер!» тақырыбындағы қашықтан облыстық бейнеролик конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1.Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мың алғыс саған, туған жер!» тақырыбындағы қашықтықтан облыстық бейнеролик конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
1.2.Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
2.Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2.1.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге, тәуелсіздігімізді қадірлей білуге баулу;
2.2.Туған жерге деген мақтаныш сезімін оятуға, туған жерінің асылын көрсетуге, киелі туған жердің тарихын білуге шақыру;
2.3.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, жастарды медиашығармашылыққа еліктіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
3.Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
3.1.Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 3-4 минуттан аспау қажет.
3.2.Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
3.3.Конкурсқа кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.
3.4.Қатысушы туған жері туралы (тарихи ескерткіштері, көрнекі жерлері, тарихы, көркем табиғаты) 3-4 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.
3.5.Бейнероликте қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, курсы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі) және 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.
3.6.Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.
3.7.Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.
3.8.Автор байқауға жіберген жұмыстарын ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).
3.9.Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды, бейнеролик бір ғана қатысушы мен жетекшіге ғана тиесілі болуы керек.
3.10.Білім беру ұйымының ұсынысымен бейнероликтерді 2021 жылдың 22 ақпанына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер конкурсқа жіберілмейді.
4.Бағалау критерийлері
4.1.Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:
– бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);
– бейнеоликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).
4.2.Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 26 ақпанында syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.