Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі


«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен а.ж. 9-12 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді. Қорытынды кезеңге Қызылорда облысы бойынша 24 жобамен 27 оқушы қатысып 11 оқушы жүлделі І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. Республикалық рейтинг бойынша Қызылорда облысы 6 орынды қанжығасына байлады. Сыр елінің дарындары әлі бұл белеспен тоқтамақ емес!
І дәрежелі диплом иегері:
-Еңсепбайқызы Назерке – Арал ауданы, №14 мектеп, 9 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
-Рахметов Хамза – Қызылорда, «Мұрагер», 10 сынып
-Пәкуәдинова Нұрайым – Қармақшы ауданы, №111 мектеп, 10 сынып
-Қайратова Айлель – Қызылорда, №9 мектеп, 11 сынып
-Қуанышқызы Айдарын – Қызылорда, №9 мектеп, 11 сынып
-Нұрқашова Жазира – Қазалы ауданы, №88 мектеп, 10 сынып
-Бақытжан Еркеназ-Қызылорда, №101 мектеп, 10 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
-Ақылбекқызы Еңлік – Қызылорда, №264 мектеп, 11 сынып
-Нағыметуллаева Мерей – Арал ауданы, №83 мектеп, 9 сынып
-Байқоңыр Диляра-Қызылорда, «Мұрагер», 11 сынып
-Мырзағали Толғанай-Қызылорда, №1 мектеп, 11 сынып

Қатысушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, ата-аналарына, мектеп ұжымына, білім бөлімінің жауапты мамандарына алғыс білдіреміз! Сыр елінің жұлдызын биікте жарқыратар жас дарындарға толағай табыстар тілейміз! Қиялдарыңызға қанат бітіп, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт тілейміз!!!

Translate/Перевести/Аудару