Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауыл мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілген «Ғасырлардың саңлағы-ғарышкерлер» тақырыбындағы облыстық эссе байқауының қорытынды ақпараты.
2021 жылдың 8 сәуірі күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауылдық жерлерде орналасқан жалпы білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары арасында «Ғасырлардың саңлағы-ғарышкерлер» тақырыбындағы қашықтан облыстық сырттай эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Оқушыларға қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы және ғарыш айлағы Байқоңыр туралы білімдерін кеңейту, өз туған жерін сүюге, құрметтеуге , патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың ғарыш туралы білімдерін молайту, аспан әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау қарсаңында ғарыш айлағына айналып отырған туған жеріміздің мерейін үстем етіп, ғарышкерлер күнін атап өту. Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру.
Байқауға 20-ға жуық оқушы қатысып, 4 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері:
Пазылова Гаухар- Қызылорда қаласы, №268 мектептің 9 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Кеңесбаева Асыл- Қармақшы ауданы, №99 мектептің 9 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Тілеуқабыл Ақбаян- Сырдария ауданы, №129 мектептің 9 сынып оқушысы.
Әбсадықова Ақбота- Сырдария ауданы, №36 мектептің 10 сынып оқушысы.
Барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды бүгінгі жетістіктерімен құттықтаймыз! Қатысушыларды дайындап, облыстық кезеңге дейін баптап әкелген ұстаздарына, ата-аналарына, сондай-ақ тығыз жұмыс жасаған әдіскерлерге алғысымызды айтамыз!
Тәуелсіз елдің тамырын тереңдетер, көк туын аспанға желбіретер, білімді жастарымыз көп болғай!