Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында
«Жамбыл боп менде сөйлейін, Жамбыл боп өлең өрбейін» тақырыбындағы қашықтан облыстық ақындар мүшайрасының қорытынды ақпараты
2021 жылдың 13 сәуірі күні ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Жамбыл боп менде сөйлейін, Жамбыл боп өлең өрбейін» тақырыбындағы қашықтан облыстық ақындар мүшайрасы өткізілді.
Мүшайраның негізгі мақсаты мен міндеттері: Оқушыларға жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығын меңгерте отырып, Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Ақын өлеңдерін талдай отырып, оқушылардың дүниетанымы мен ой өрісін дамыта отырып, Жамбыл шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге баулу. Білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
Облыстық мүшайраға 17 оқушы қатысып, 6 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері:
Жоламан Нұрсила- Жалағаш ауданы, №201 мектептің 8 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Истанбаева Әсемай- Арал ауданы, №67 мектептің 7 сынып оқушысы;
Бижан Нұрдәулет- Жаңақорған ауданы, №195 мектептің 8 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Алпамысов Ержігіт- Арал ауданы, №20 мектептің 5 сынып оқушысы;
Естаев Жасұлан- Қармақшы ауданы, №85 мектептің 5 сынып оқушысы;
Жеңісбекқызы Нұрдана- Қызылорда қаласы, №138 мектептің 6 сынып оқушысы.
Барлық қатысушыларымызға алғыс білдіре отырып, марапат иелерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Облыстық мүшайраға қатысушыларымызды дайындаған ұстаздарына, ата-аналарына алғыс білдіреміз! Шәкірттеріңіз білім шыңын бағындырып, қазақтың дара ақындары болуына тілек білдіреміз!