АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ “МЫҢ БАЛА” ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ І КЕЗЕҢІ

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ “МЫҢ БАЛА” ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ І КЕЗЕҢІ

   2021 жылдың 2-3 сәуір күндері Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9.00 мен 21.00 аралығында “Мың бала” Ұлттық Зияткерлік олимпиадасының І кезеңі өткізіледі.

   Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.

   Олимпиаданың негізгі міндеттері: ауыл мектептері оқушыларының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету; дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды іріктеу және даярлау.

  Қызылорда облысы бойынша тіркеуден өткен 222 мектептің 9027 оқушысы І кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болды.