Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстан- бірлік пен бейбітшілік мекені» тақырыбындағы облыстық сурет байқауына қатысуға шақырамыз!

  1. Жалпы ережелер

1.1. Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстан- бірлік пен бейбітшілік мекені» тақырыбындағы қашықтан сырттай облыстық сурет байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.

1.2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналарынан хабардар ету, сурет арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

2.2.Тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру.

2.3. Жас суретшілердің талабын шыңдау. Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқаудың ІІ кезеңі а.ж. 28 сәуір күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтықтан сырттай өткізіледі.

3.2. І кезеңі бойынша қорытынды жұмыстарды (аудандық/қалалық) а.ж. 26 сәуірге дейін жинақтап және байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

3.3. Байқау аяқталған күннен кейін – суреттер қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес суреттер қарастырылмайды.

3.4. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

4.1. Байқауға ұсынылған жұмыстар JPEG электронды түрде ұсынылады. Ол үшін жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт. Сурет А4 парақ бетінде салынған болуы керек.

4.2. Кез-келген бейнелеу құралымен (майлы бояу, акварель, гуашь, түрлі-түсті карандаш) салынған жұмыс қабылданады.

4.3. Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса беріледі, олар байқауға қатысушының сауалнамасында көрсетіледі. Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.

  1. Бағалау критерийлері

5.1. Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

Ø Тақырыптың ашылуы;

Ø Салынған суреттің сапасы;

Ø Тақырыпқа сай компизициясының болуы;

Ø Бояуының ерекшелігі;

Ø Тақырыпқа сәйкес безендірілуі;

5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  1. Жұмыстың бірегейлігіне қойылатын талаптар

6.1.Жұмыстар бұрын салынған, сондай-ақ бөгде адамның қолымен салынған немесе бастырылған болмауы тиіс. Интернеттен алынған, бұрын жарияланған суреттер авторлық құқыққа сай есепке алынбайды. Жұмысты бағалау ойлау ерекшелігі, орындау эстетикасы, түстерді жарасымды қолдану, бейне композициясы, суреттің түпнұсқалығы өлшемдерімен бағаланады.

7. Марапаттау

7.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен мараптталады.

7.2. Байқау нәтижесі 2021 жылдың 28 сәуір күні syr-daryny.kz ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.