ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен “Ел үміті” бастамасы аясында “Елбасы медалі” бағдарламасына қатысушылар «Қола медальмен» марапатталды

2021 жылдың 30 наурызы күні Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен  №9,10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында және де аудандық, қалалық әкімдіктерде ҚР Тұңғыш Президенті қорының “Ел үміті” бастамасы аясындағы “Елбасы медалі” бағдарламасының «Қола жүлде» иегерлерін  облыс бойынша 185 қатысушыны  салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

«Елбасы медалі» жобасының мақсаты – еліміздің барлық аймақтарынан дарынды ұл-қыздарды іздеу, олардың бойында жауапкершілік, қайсарлық, мақсатқа жету сынды қасиеттерге тәрбиелеу. Жобада әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін жеті бағыт ұсынылған: «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеуде үздік әлемдік тәжірибе қолданылған.

«Елбасы Медалі» үш дәрежені қамтиды: қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген. “Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай еңбектену қажет. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді, әр қатысушы өз дағдыларын дамытып, нақты нәтижеге қол жеткізуге міндеті.

Қызылорда облысы бойынша қола деңгейге 351 қатысушы ниет білдіріп, 247 қатысушы қола деңгей талаптарын үздік орындап, «Қола медаль» мен төсбелгіге ие болды.

«Қола медаль» иегерлері 14 желтоқсан күні Қызылорда облысының әкімдігінде облыс әкімінің арнайы кездесуінде болып, 10 жеңімпаз марапатталса, №101 мектеп оқушысы Елдос Төлепберген Нұр-Сұлтан қаласында өткен форумда  «Қола медаль» иеленді. Сондай-ақ, 13 наурыз күні «Абай» атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп базасында облыстық білім басқармасы басшысының қатысуымен «Қола» деңгей жеңімпазы атанған 51 қатысушы қола медальмен және төсбелгімен марапатталды. Бүгінгі, 30 наурыз күнгі марапаттау рәсімінде аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 185 қатысушыға медаль мен төсбелгі табысталды.