Облыстық білім басқармасының
2021 жылғы ____ сәуірдегі
№_________ бұйрығына
қосымша №3
Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында биология пәнінен өңірлік олимпиаданың
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ереже
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда «Талант-менеджментті дамыту бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында биология пәнінен өңірлік олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізу.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
- Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту;
- биология ғылымдарына, ғылыми қызметке қызығушылықты арттыру;
- дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау, олардың әрі қарай зияткерлік дамуы;
- оқушыларға теориялық және практикалық көмек көрсету, жоғары білім алуға қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Олимпиада екі турдан тұрады:
Бірінші тур: қатысушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ресми сайты арқылы (ZOOM платформасында қадағаланады) биология пәні бойынша 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындайды. (тест тапсыру уақыты монитордан көрсетіледі)
Екінші тур: ZOOM платформасында өткізіледі. Экранда көрсетілген практикалық тапсырмаларды орындайды.
Олимпиада а.ж. 22 сәуір күні онлайн форматта өткізіледі.
Олимпиадаға қатысу ұсынысы а.ж. 20 сәуір күні syrdaryny@mail.ru электронды поштасына аудандық(қалалық) білім бөлімдері басшылары мен облыстық білім беру мекеме басшылары арқылы қабылданады.
Олимпидаға қатысушылар
Олимпидаға жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары (әр сыныптан 1 оқушыдан) қатыса алады.
Олимпиданың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңнің жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиада қорытындысы жөнінде толық ақпарат орталықтың ресми сайтында syr-daryny.kz жарияланатын болады.
Ұсыныс төмендегі кесте бойынша қабылданады:
№ |
Аудан/қала |
Оқушының аты-жөні |
Мекте-бі |
Сыны-бы |
Оқыту тілі |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
(Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады)