Облыстық білім басқармасының
2021 жылғы ____ сәуірдегі
№_________ бұйрығына
қосымша №3
Жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары арасында журналистика білім беру бағдарламалары бойынша өңірлік олимпиаданың
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ереже
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда «Талант-менеджментті дамыту бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары журналистика білім беру бағдарламалары бойынша өңірлік олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізу.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
- Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту;
- Ел болашағы жастарға бірін-бірі құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызу;
- Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қабілеттерін арттыру.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Олимпиада екі турдан тұрады:
Бірінші тур: қатысушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ресми сайты арқылы (ZOOM платформасында қадағаланады) қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындайды. (тест тапсыру уақыты монитордан көрсетіледі)
Екінші тур: ZOOM платформасында өткізіледі. Экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдау арқылыберілген тапсырмаға қысқаша репортаж түрінде жауап береді. (Регламент олимпиада өткізілу барысында әділ-қазы алқалары шешімімен беріледі).
Олимпиада а.ж. 21 сәуір күні онлайн форматта өткізіледі.
Олимпиадаға қатысу ұсынысы а.ж. 20 сәуір күні syrdaryny@mail.ru электронды поштасына аудандық(қалалық) білім бөлімдері басшылары мен облыстық білім беру мекеме басшылары арқылы қабылданады.
Олимпидаға қатысушылар
Олимпидаға журналистика мамандығын таңдаған талапкерлер арасынан жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиданың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңнің жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиада қорытындысы жөнінде толық ақпарат орталықтың ресми сайтында syr-daryny.kz жарияланатын болады.
Ұсыныс төмендегі кесте бойынша қабылданады:
№ |
Аудан/қала |
Оқушының аты-жөні |
Мекте-бі |
Сыны-бы |
Оқыту тілі |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
(Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады)