Мекеменің толық атауы: Қызылорда облысының білім басқармасының «№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №10. Байланыс телефоны 8 (7242) 212035, факс: 8(7242)212492
e-mail: kbilim9@gmail.com
Ашылған жылы: 1993 жыл
Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасына сүйеніп, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, рухы мықты жастарды тәрбиелеу.
2012 жылы жаңа ғимарат қолданысқа берілген.
Жабдықталуы: 1-мультимедия, 1-физика зертханасы, 2-биология зертханасы, 2-химия зертханасы, 1-лингафон кабинеті.
ART Clube
Macerspace
АКТ зал
Спорт зал
84 орындық асхана
250 орындық жатақхана
Кітапхана қоры: – 39186 дана
Оқушы саны: 236 оқушы, 10 сынып – комплектісі бар
Бағыты: Жаратылыстану – математикалық
Оқыту тілі: Қазақ тілі
Мұғалімдер туралы мәлімет:
Лицей директоры –Сихимбеков Руслан Алмасулы
Педагогтар саны – 30
Жоғары білімді – 30
Магистр мұғалім – 9
Педагог-шебер – 1
Педагог-зерттеуші – 15
Педагог-сарапшы – 2
Педагог-модератор – 6
Марапаттары: «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі – 5
ҚР Білім және ғылым министрінің ” Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісі -1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» – 17
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» – 15
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Құрмет грамотасы» – 6
Жастардың Гумбольд сыйлығының иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев атындағы конкурстың математика саласында үздік жетістік көрсеткен жастарға арналған 100000 теңге сыйлық иегері-3 мұғалім
Облыс әкімінің арнайы сыйақысы (1 млн. теңге) – 2мұғалім
Облыс әкімінің «Алғыс хаты» – 8 мұғалім
Қызылорда облысы Білім басқармасының «Алғыс хаты» – 9 мұғалім
Қызылорда облысы Білім басқармасының «Құрмет грамотасы» – 9 мұғалім
Оқушылардың білім сапасы бойынша жетістіктері:
Бітірген оқушы саны –1001
«Алтын белгі» – 131 оқушы
«Үздік аттестат» – 191 оқушы
Лицей оқушыларының олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан алған жетістіктері:
Халықаралық пәндік олимпиада – 39 оқушы
Республикалық пәндік олимпиада – 103 оқушы
Облыстық пәндік олимпиада – 506 оқушы
Халықаралық ғылыми жоба жарысы – 101 оқушы
Республикалық ғылыми жоба жарысы – 21 оқушы
Облыстық ғылыми жоба жарысы – 199 оқушы
ҰБТ-ның орташа көрсеткіші:
2017-2018 оқу жылы – 95 ұпай
2018-2019 оқу жылы – 104
2019-2020 оқу жылы – 97,7
– «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған түлектер саны-22
– Н.Назарбаев Университетіне – 87
Лицей-интернат марапаттары:
– 2009 жыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік жаңашыл мектеп» атағы
– 2010 жыл Облыс әкімінің 2009-2010 оқу жылғы ҰБТ нәтижесінің қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегері
– 2012 жыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»
– 2012 жыл Назарбаев Университетінің шығарған рейтингісі бойынша алғашқы 50 мектептің ішінде 6-орынды иеленді
– 2015 жыл Қызылорда облысының әкімдігінің «Орта білім беретін үздік ұйымы» облыстық конкурсының жеңімпазы» номинациясымен қаржылай 17 млн сыйлық иегері
– 2015 жыл Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадашы мектеп» атағымен марапатталды.
– Республиканың 7432 мектебінің арасынан 2010-2016 жылдар аралығында Математикадан Халықаралық және қашықтық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға және мақтау грамоталарына ие болған және ҰБТ сынағы бойынша математикадан үздік оқушылардың рейтінгісінде 13- орын
– 2017 жыл “Юнеско” клубының мәртебелі мүшесі
– 2018 жыл Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадашы мектеп» атағымен марапатталды.
– 2018 жыл Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында ІІІ орын алды.
– 2019 жыл Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орын «Ең үздік олимпиадалық команда-2019» номинациясымен марапатталды.
– 2020 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орын «Ең үздік олимпиадалық команда-2020» номинациясымен марапатталды.
– 2021 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орын «Ең үздік олимпиадалық команда-2021» номинациясымен марапатталды.
№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты Сыр бойының қабілетті, дарынды балаларына білім-тәрбие беріп отырған іргелі білім ордасы. Ел тәуелсіздігін алған уақытта ашылған лицей-интернат Қызылорданың дарынды жеткіншектерінің білімін шыңдап республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі орындар иеленуіне зор үлесін қосып келеді.
Лицей-интернат 1993 жылы ашылған. Жаратылыстану – математикалық бағытта білім береді. Математика, физика, биология, химия, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.
Қызылорда облысының білім басқармасы мен «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған білім сапасын анықтау үлгісі бойынша тоқсан сайын оқушылар білімінің сапалық көрсеткіштерін анықтау шарасы жүргізілген. Осының негізінде лицей мұғалімдері жұмыс бағыттарын анықтап алып, нәтижелі оқыту сапасына жетіп отыр. 2018-2020 оқу жылдары арасында лицей – интернат оқушылары жылдық қорытынды бойынша төмендегідей білім сапасын көрсеткен.
3 жылдық білім сапасының көрсеткіші
Көрсеткіштер |
2017-2018 оқу жылы |
2018-2019 оқу жылы |
2019-2020 оқу жылы |
|||
Оқушылардың жылдық қорытындысы бойынша білім сапасы |
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% |
236 |
75,2% |
231 |
87% |
234 |
94,4% |
Мұғалімдердің 50% 3-4 тіл меңгерген, 100% ақпараттық технологияны еркін қолданады. Лицей-интернаттың барлық мұғалімдері жыл сайын біліктілік арттыру курстарынан өткізіледі. Мұғалімдер арасында Кэмбридж бағдарламасы бойынша шет елде және еліміздегі “Өрлеу” Республикалық біліктілік арттыру курстарынан өткен ұстаздар еңбек етеді.
Лицей-интернат ұжымы білім беруде жоғары сапаға қол жеткізіп, үлгілі педагогикалық шеберлік, шығармашылық ізденіс үстінде шәкірттерге оқу-тәрбие беруде аянбай еңбек ете береді.
Сынып-комплект саны –10, 236 оқушы білім алуда. Лицей-интернаттың педагогикалық ұжымының жұмыс нәтижесінде оқушылардың айтарлықтай жетістіктері байқалады.
1993-2020 жылдар аралығында лицейді 1001 оқушы бітірді.
– 131-і «Алтын белгіге»,
– 191-ы «Үздік аттестатқа» бітірген.
“Алтын белгі”, “Үздік аттестат” иегерлерінің 3 жылдық көрсеткіші
Оқу жылы |
Бітірген оқушы саны |
“Алтын белгі” иегерлері |
“Үздік аттестат” иегерлері |
2017-2018 оқу жылы |
41 |
11 |
5 |
2018-2019 оқу жылы |
42 |
15 |
5 |
2019-2020 оқу жылы |
45 |
9 |
10 |
Лицей-интернат ойы ұшқыр, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, қазіргі заман талабына сай, өз елін сүйетін патриот азаматтарды тәрбиелеуде. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметі бойынша Республиканың 7432 мектебінің арасынан 2010-2016 жылдар аралығында Математикадан Халықаралық және қашықтық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға және мақтау грамоталарына ие болған және ҰБТ сынағы бойынша математикадан үздік оқушылардың рейтінгісі анықталды. Осы тізімнің ішінен үздік жетістіктерімен көрінген 30 мектеп таңдап алынды. Қызылорда облысы бойынша «№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты» 13-орынды иеленіп, білім ордасының мәртебесі биіктен көрінді.
Лицей оқушылары олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан зор жетістіктерге жетіп, «Облыстың олимпиадашы мектебі» атағын жыл сайын жаңартып келеді.
Халықаралық пәндік олимпиада – 39 оқушы
Республикалық пәндік олимпиада – 103 оқушы
Облыстық пәндік олимпиада – 506 оқушы
Халықаралық ғылыми жоба жарысы – 101 оқушы
Республикалық ғылыми жоба жарысы – 21 оқушы
Облыстық ғылыми жоба жарысы – 199 оқушы
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындылары
Лицей-интернат бірнеше жылдар бойы ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың жоғары балл жинаған мектептері қатарынан көрініп келеді. Оқушылардың 95% жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді таңдайтыны байқалады.
3 жылдық ҰБТ тапсыру көрсеткіші
Оқу жылы | Бітірген оқушы саны | «Назарбаев Университетіне» түсуіне байланысты ҰБТ-дан босатылған оқушылар саны | ҰБТ тапсырған оқушы саны | Орташа балл |
2017-2018 оқу жылы | 41 | 6 | 35 | 95 |
2018-2019 оқу жылы | 42 | 7 | 39 | 104 |
2019-2020 оқу жылы | 45 | 2 | 42 | 94 |
Лицей-интернат бітірушілерінің ЖОО түсуі және еңбекке орналастырылуы.
Лицей түлектерінің 95%-ы техникалық мамандықтар бойынша еліміздің және шетел жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыруда.
– Н.Назарбаев Университетіне – 87 оқушы
– «Болашақ бағдарламасы» бойынша – 22 оқушы
Елімізде дүниежүзілік деңгейде білім беретін жоғары оқу орнының бірегей ошағы болып саналатын Назарбаев Университетінде оқитын студенттердің пайызы жағынан лицей-интернаттың түлектері алғашқы 50 мектептің 10-орнында.
Түлектер ел экономикасын көтеру мақсатында еңбекке араласып, еліміздің және дүниежүзінің (Майкрософт, Тенгиз- Шеврон, Shell және т.б.) ірі ұлттық өндіріс орындарында және халықаралық компанияларында білікті маман және өз ісінің шебері деңгейінде көріне білуде.
13-14 наурыз аралығында Алматы қаласында өткізілген ХХІХ Халықаралық Азия-Тынықмұхиты математика олимпиадасы және ХVI “Жібек жолы” математика олимпиадасында 9-сынып оқушылары Сейлханов Нұрдәулет пен Орынбай Сұлтан, 10-сынып оқушылары Кушкинбаев Темірлан мен Төлебай Самат қатысу сертификатына ие болды
15 наурызда өткізілген «Ұлы Дала Елі» тақырыбында облыстық шығармалар байқауында 8-сынып оқушысы Жолдасбеков Ұлтқанат ІІІ орын иеленді.
Ресей Федерациясы, Якутияда өткізілген математика, химия, информатикадан Халықаралық “Туймаада” олимпиадасына лицей-интернаттың 1 оқушысы “Арнайы жүлде” иегері атанды.
13-15 сәуір 2018 жылы Алматы қаласында өткізілген “Infomatrix -Asia&Pacific” Халықаралық компьютер жоба жарысында 10-сынып оқушылары Сабырбек Мадияр мен Шарип Дамир III орын иеленді
23 – 28 сәуір 2018 жылы Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Королев қаласында өткізілген «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми – зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасында 10-сынып оқушысы Сағидоллаұлы Дәурен – І жүлделі орынға ие болды.
29 сәуір – 3 мамыр 2018 жылы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында өткізілген “Математика және жобалау” халықаралық ғылыми жоба конкурсында лицей-интернаттың 11-сынып оқушысы Ахаев Әлішер І орын алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінен 1 оқушы ІІ орын, 4 оқушы ІІІ орын алып, командалық есепте «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында ІІІ орын алды.
2018-2019 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінен 2 оқушы І орын, 1 оқушы ІІ орын, 3 оқушы ІІІ орын алды.
Облыстық пәндік олимпиададан 6 оқушы І орын, 12 оқушы ІІ орын, 12 оқушы ІІІ орын иеленді.
Оңтүстік Корея, Тэджон қаласында өткен Халықаралық ғылыми жоба конкурсынан 3 оқушы ІІІ орын алды. Ресей, Якутия, Саха Республикасында өткен «Туймаада-2019» халықаралық пәндік олимпиадасында 1 оқушы ІІ орынға ие болды. Қазақстан, Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық ғылыми жоба жарысынан 1 оқушы ІІ орын алды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорында ҚР Әділет министрлігі мен “Ұлттық зияткерлік меншік институты” РМК ұйымдестыруымен Астана қаласында транспорт саласында өткен республикалық байқауддан 2 оқушы жеңіске жетіп, Лондон қаласындағы Крэнфилд университетінде бір апта оқу жолдамасымен марапатталды.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауына 9 оқушы қатысып 2 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды. «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» тақырыбы бойынша 1 оқушы І орын, «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар. Баламалы отын көздері» тақырыбында 1 оқушы ІІ орын жеңіп алды.
2-3 қараша 2018 жылы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық ғылыми жобалар байқауына лицей-интернаттың 9 оқушысы қатысып 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар» саласындағы «Техникалық құрастыру» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Аппазов Ержан І орын және «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика» саласындағы «Баламалы отын көздері» номинациясымен 10- сынып оқушысы Даулыбай Нұрдаулет ІІ орын жеңіп алды.
16 қазан 2018 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде лицей-интернаттың 9 «Б» сынып оқушылары Мирамбек Елнар- ІІ орын, Талғат Қазбек – ІІІ орын жеңіп алды. Мирамбек Елнар Жезқазған қаласында өткізілген аталған олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысып келді
29-31 қазан 2018 жылы Астана қаласында транспорт саласында өткен республикалық байқаудың қорытынды іріктеу кезінде 11-сынып оқушылары Шарип Дамир мен Орынбай Сұлтан қатысқан болатын. Байқау нәтижесі бойынша облысымыздың командасы қарсылас командаларды басып озып Лондон қаласындағы Крэнфилд университетінде бір апта оқу жолдамасымен барып қайтқан оқушыларымыз марапатталды.
2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсының олбыстық кезеңінде 6 оқушы жүлделі орын алды:
Сағидулла Дәурен-11 «Б» сынып оқушысы – І орын – биология пәні
Атымтай Нұрсұлтан – 9 «А» сынып – ІІІ орын – орыс тілі
Ерназаров Искандир- 10 «А» сынып оқушысы – І орын – физика пәні
Әлібеков Бауыржан – 10 «Б» сынып оқушысы – ІІ орын -биология пәні
Тағаев Нұрбек -9 «А» сынып оқушысы – ІІ орын – физика пәні
Талғат Қазбек- 9 «Б» сынып оқушысы – ІІІ орын – физика пәні
10 қараша 2018 жылы «Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар киносының республикалық фестивалі облыстық кезеңінде 10 «Б» сынып оқушылары Агибаев Арнур мен Даулыбай Нұрдаулет жүлделі І орын иеленді. Олар 2019 жылдың 7-8 маусым айында Қостанай қаласында өтетін аталған фестивальдің республикалық кезеңіне жолдама алды.
2019 жылдың 4-5 қаңтар айында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың ІІІ кезеңі (облыстық) болып өтті. Оған 53 оқушы қатысып 6 оқушы І орын, 12 оқушы ІІ орын, 12 оқушы ІІІ орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша лицей-интернат І орын «Ең үздік олимпиадалық команда-2019» номинациясымен марапатталды. 18 оқушы Республикалық кезеңге жолдама алды.
25-30 наурыз 2019 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде 6 оқушы жүлдегер атанды. 9 Б сынып оқушылары Серикбаев Исламхан мен Ширниязов Мұхаммедали І орын, 11 А сынып оқушысы Ким Артем ІІ орын, 10 Б сынып оқушылары Нұрдаулетов Исламбек, Алиякбар Нұржігіт Әбдіжаппарұлы, 9 А сынып оқушысы Жүнісқалиев Таиржан ІІІ орын алды.
25 ақпан – 4 наурыз 2019 жыл аралығында Оңтүстік Корея, Тэджон қаласында өткізілген «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жоба конкурсында лицей-интернаттың 11-сынып оқушысы Сағидулла Даурен, 10-сынып оқушылары – Алибек Бауыржан, Ерназаров Искандер жүлделі ІІІ орынға ие болды.
4-5 сәуір 2019 жылы Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық ғылыми жоба жарысынан лицей-интернаттың 9 А сынып оқушысы Тағаев Нұрбек ІІ орын иеленсе, 10 Б сынып оқушысы Болатбекұлы Шерхан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Арнайы мақтау қағазымен» марапатталды.
17 сәуір 2019 жылы 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиадаға 16 оқушы қатысып 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Мұратұлы Рауан – биология – І орын – 7-сынып
Ералы Ерасыл – биология – ІІ орын – 8-сынып
Бауыржанұлы Ұлықбек – биология –І орын – 8-сынып
Абдулла Ерсайын -математика – ІІІ орын – 7-сынып
Шахафиддин Нұрдаулет – математика –ІІ орын 8-сынып
Сағижан Диас – математика –ІІІ орын – 8-сынып
Жұмаш Нұртуған – география –ІІІ орын – 7-сынып
Яхия Мұхаммедияр – география – І орын – 7-сынып
Сапарбеков Ерасыл – география – ІІІ орын – 8-сынып
Сұлтан Еділ – информатика – ІІІ орын
19 сәуір 2019 жылы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумына лицей-интенаттың 8оқушысы қатысып, 5 оқушы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Олар Мирамбек Елнар, Талғат Қазбек, Серікбай Искандер, Жұмабеков Бекзатхан, Ахметов Аблай.
14 мамыр 2019 жылы Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінде лицей-интернаттың 9 «Б» сынып оқушысы Серікбаев Исламхан ІІІ орынға ие болды.
17-19 шілде 2019 жылы Ресей, Якутия, Саха республикасында өткізілген «Туймаада-2019» халықаралық пәндік олимпиадасында физика пәнінен лицей-интернаттың 9 «Б» сынып оқушысы Серікбаев Исламхан қатысып ІІ орын алды.
Лицей-интернаттың педагогикалық ұжымының жұмыс нәтижесінде оқушылардың айтарлықтай жетістіктері байқалады. Биылғы оқу жылы лицей-интернатты 42 оқушы бітірді, 33 оқушы Қазақстанның білім грантын, оның ішінде 7 оқушы Н.Назарбаев Университетінің грантын жеңіп алды. Сонымен қатар «Алтын белгіге» 15 оқушы, «Үздік аттестатқа» 5 оқушы иегер атанып, оқу жылын табысты аяқтады.
«№9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс мектептерінің арасында үлкен мәртебеге ие. Лицей-интернаттың барлық оқу-тәрбие жұмысы оқушының жан-жақты, көптілді тұлға болып дамуына бағытталған. Педагогикалық ұжымның оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды игеру жұмысын жүргізу жүйелі жолға қойылған.
Лицей-интернат ұжымы Сыр бойының ертеңгі ел тұтқасын ұстар жан-жақты, дарынды балаларын білім шыңына жетелеуде аянбай еңбек ете береді. Талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой бола бермек.
2020-2021 оқу жылындағы лицейдің сынып-комплектісі
7 – сынып | 2 комплект | 48 оқушы |
8 – сынып | 2 комплект | 49 оқушы |
9 – сынып | 2 комплект | 45 оқушы |
10 – сынып | 2 комплект | 47 оқушы |
11 – сынып | 2 комплект | 47 оқушы |
Барлығы: | 10 комплект | 236 оқушы |