Мекеме толық атауы: «Қызылорда облысының білім басқармасының Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Амангелді көшесі 25. Байланыс телефоны: 70-01-13
Ашылу тарихы:
-2004 жылы 24 қарашадағы Қызылорда облысы әкіміні №196 бұйрығымен «№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты» жұмыс жасап келеді.
-2010 жылы мектеп – интернатқа 300 орындық оқу ғимараты және 240 орындық жатақханасы бар жаңа ғимарат берілді.
-2017 жылғы 10 наурыздағы Қызылорда облысының әкімінің №734 қаулысымен «Е. Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты» болып қайта аталды.
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Жабдықталуы:
2 – компьютер кабинеті, ағылшын лингофонды кабинеті, робототехника кабинеті, компьютерленген математика кабинеті, интеллектум кабинеті, замануи үлгідегі химия, биология, физика кабинеттері, 2 – панель тақтасы, 8 – интерактивті тақта, 200 орындыққа есептелген акт зал мен үлкен спорт зал, спорт алаңы жұмыс жасайды.
Кітапхана.
Көлемі – 143 м2, 36 орынға арналған оқу залы, коворкинг орталығы, кітапхана қоры – 26442, электронды оқулықтар саны – 532. Оқырмандар саны – 425.
Асхана. 130 орындық, (5 мезгіл тамақ беріледі)
Мектеп-интернатта ғалымдар, білім магистрлары және облыстық, республикалық деңгейдегі педагогикалық олимпиада жеңімпаздары қызмет етеді.
- Қазіргі таңда мектеп-интернатта 54 мұғалім.
- 11 – білім магистрі,
- 4 – шебер, 16 – зерттеуші, 11 – сарапшы
- 23-жоғары және бірінші санатты мұғалімдер,
- 2- ғылым кандидаты,
- 2- Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері,
- 1-Астана қаласының 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы медалі.
- 5-республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары,
- 1-облыс әкімінің 1 миллион теңге сыйақы иегері,
- 5- облыстық «Үздік мұғалім» кәсіби байқау жеңімпаздары,
- 3- педагогикалық олимпиада жүлдегерлері (математика),
- 2- «Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық байқау жеңімпазы,
- 9 – облыстық, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама жеңімпаздары»,
- 2 -республикалық педагогикалық идеялар жәрмеңкесі байқауының жеңімпазы,
- Математика пәнінің мұғалімдері арасында өткізілген Облыстық пәндік олимпиаданың бас жүлдегері (автокөлік),
- 2 -Математика пәні мұғалімдері халықаралық олимпиада жүлдегері
- Облыс әкімінің гранты «Үздік ұжым – 2016» байқауының қорытындысы бойынша ұжым «Үздік білім беретін ұйым» атағын жеңіп алып, 17 миллион теңге сыйақымен марапатталды.
- 1- Қызылорда облысының білім саласын дамытудағы еңбегі үшін медалі
- 1- Облыс әкімінің 300 АЕК мөлшеріндегі бір жолғы сыйақысыОқушы саны: 2020-2021 оқу жылында 259 оқушы оқиды. Барлығы 11 сынып комплектісі.
2020-2021 оқу жылындағы бітіруші саны – 48. «Алтын белгі» – 9, «Үздік» аттестат» – 2 оқушы ұсынылды.
ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
№4 ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ БОЙЫНША 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН БІЛІМ САЙЫСТАРЫНА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
р/с | Өткізілген білім сайыстарының атауы | Қатысқан оқушы саны | Жеңімпаз оқушылар саны |
1 | «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі | 2 | 1 |
2 | «Шешеннің тілі-шебердің бізі» облыстық полиглот байқауы | 3 | 1 |
3 | «Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауының облыстық кезеңі | 1 | 1 |
4 | «Театрдың ғажайып әлемі» Театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі | 7 | 7 |
5 | «Менің ұстазым» Эссе жазу бойынша облыстық онлайн байқауы (Рухани жаңғыру орталығы) | 16 | 1 |
6 | «Табиғат-тал бесігім» әлеуметтік желі (инстаграм) парақшасы арқылы облыстық бейнеролик байқауы | 3 | 1 |
7 | Республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңі | 11 | 6 |
8 | «Ұстазым менің, ұстазым…» қашықтан облыстық шығарма байқауы | 10 | 6 |
9 | «Қарттарым асыл қазынам» облыстық сурет байқауы | 15 | 7 |
10 | «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі | 7 | 2 |
11 | «Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жобалар байқауы | 1 | 1 |
12 | «Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумының қашықтан облыстық кезеңі | 3 | 1 |
13 | Республикалық юниорлық олимпиа | 5 | 3 |
14 | Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы қашықтықтан халықаралық олимпиадасы | 20 | 9 |
15 | Қаныш Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадасы | 1 | 1 |
16 | «Елбасы жолы» Қашықтан облыстық эсселер конкурсы | 13 | 1 |
17 | 8-11 сынып оқушыларына арналған Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі | 5 | 5 |
18 | «ЭКОСТАН-ға САЯХАТ» Республикалық экологиялық байқауының облыстық кезеңі | 6 | 5 |
19 | «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» Облыстық жас ақындар мүшайрасы (Рухани жаңғыру орталығы) | 2 | 1 |
20 | Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі | 9 | 9 |
21 | Құқық пәнінен облыстық олимпиада | 1 | 1 |
22 | Облыстық Vine Fest бейнеролик байқауы | 12 | 1 |
23 | «Ақбота» Республикалқы интеллектуалды марафоны | 20 | 10 |
24 | 8-11 сынып оқушыларына арналған Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсы | 5 | 2 |
25 | Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі | 4 | 4 |
26 | «Елбасы және тарих» облыстық ғылыми жоба байқауы | 1 | 1 |
27 | «Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы» облыстық ақындар мүшайрасы | 4 | 1 |
28 | «Көне тарих сыр шертеді» Алтын Орданың 750 жылдығына орай облыстық шығармалар байқауы | 9 | 3 |
29 | Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба жарысының облыстық кезеңі | 11 | 10 |
30 | «ЭКОСТАН-ға САЯХАТ» Республикалық экологиялық байқауы | 5 | 4 |
31 | «Тәуелсіздік – жыр бесік мен тербелген» «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген облыстық көркемсөз оқу байқауы | 6 | 1 |
32 | «Ақберен» ҮІІ республикалық онлайн өнер байқауының облыстық кезеңі | 5 | 1 |
33 | Облыстық Қадыр оқулары | 2 | 1 |
34 | 7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі | 18 | 7 |
35 | Экологиядан «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы | 22 | 11 |
36 | «Ата-ана жұмысында – бір күн» Облыстық жобалық байқау | 6 | 1 |
37 | «Ұлттық Ұлан – елі мен халқына қорған» Облыстық сурет байқауы | 14 | 4 |
38 | Қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық ІІІ «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі | 2 | 1 |
39 | «Біздің айналамыздағы экономика» Облыстық экономикалық ойындары | 2 | 2 |
40 | Қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық ІІІ «Абайтану» олимпиадасы | 1 | 1 |
41 | «Зерде» республикалық конкурсы | 4 | 2 |
42 | Облыстық Бизнес жобалар байқауы | 7 | 2 |
43 | Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша 9-11-сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада | 2 | 1 |
44 | «Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумының қашықтан облыстық кезеңі | 7 | 2 |
45 | Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі | 38 | 8 |
46 | «Алтын қазына» Көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі | 2 | 1 |
47 | Елбасы медалі | 5 | 3 |
48 | «Алау» Әскери-спорттық ойынның республикалық финалының облыстық кезеңі | 9 | 9 |
49 |
5-9 сынып оқушылары арасында XVІ республикалық қашықтық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасы |
32 | 20 |
50 | «Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жобалар байқауы қашықтан облыстық кезеңі | 9 | 6 |
51 | «Балалар бастауы-2021» Облыстық әлеуметтік байқау | 1 | 1 |
52 | «Қазақстан балалары шексіз әлемде» Балалар кино шығармашылығының республикалық фестивалінің облыстық кезеңі | 9 | 5 |
Барлығы | 239 | 186 |
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Қабылдау жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығы (мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылдың 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында арнайы qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу арқылы өткізіледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі фотосуреті .
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Емтиханды жүргізу тәртібі :
- Қабылдау емтиханы 1 кезеңнен тұрады. (математика және логика 55, оқу сауаттылығынан 10 және қазақстан тарихынан 10 сұрақ тапсырмаларынан тұрады)
- Конкурстық іріктеу 1-20 маусым аралығында өткізіледі.
- Конкурсты ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы офф-лайн (тестілеу) режимінде өткізеді
- Тестілеу тапсыру тілі: қазақ
- Тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут
- Конкурс “Дарын” орталығы алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді
- Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады
– Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.