Ауыл балаларын қолдауға бағытталған «Ел үміті» жобасының «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы бастау алды

Ауыл балаларын қолдауға бағытталған «Ел үміті» жобасының «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы бастау алды  

 

2021 жылдың 18 наурызы күні Өңірлік коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдеріне дарынды ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасына қатысты брифинг ұйымдастырылды. Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов пен облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директорының міндетін атқарушы Гүлжахан Ізбасарова олимпиаданың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

– «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары еліміздің үздік мектептерінде білім алуға, сондай-ақ қашықтан академиялық қолдауға қол жеткізуге мүмкіндік алады. Өткен жылы олимпиадаға 5 және 6-сынып оқушыларынан 18425 бала қатысты. І кезең қорытындысы бойынша 301 бала іріктеліп алынды. ІІ кезең қорытындысымен 5 сыныптан 38 бала, 6 сыныптан -37 бала барлығы 75 оқушы жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда 23 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуын сәтті жалғастыруда. Атап айтқанда, №4 облыстық дарынды баларға арналған мектеп-интернатқа 12-оқушы, №9 БИЛ-ға 3-оқушы, №10 БИЛ-ға 4 оқушы, РФММ-ға 4 оқушы орналастырылды. Жалпы облыс бойынша 301 оқушы «Birge oqy» онлайн мектеп платформасында қосымша білім алуда,-деді Бағдат Бердаулетов.

Олимпиадаға қатысу үшін 24 ақпаннан-24 наурызға дейін https://1000bala.elbasyacademy.kz/ сайтында қатысушының тіркелу формасын толтыру қажет.

– Олимпиаданың I кезеңіне қатысушылар таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе тұрақты интернет желісіне қосылған дербес компьютерлермен жабдықталған үй-жайларда, мамандандырылған үй-жайларда, мектептерде және «Дарын» орталықтарында өте алады.

Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған 5 мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне өтеді. Өткен жылдың жеңімпаздары да Олимпиадаға қатыса алады, оларға тестілеудің II кезеңінен бастап қатысу құқығы берілді.

 

https://kyzylordatv.kz/kz/news/society/auyl-balalaryna-arnalgan-ulttyk-olimpiada