2020 жылдың 8 желтоқсаны күні М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде Білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірлесуімен өткізілген “Парасатты отбасы” республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, департамент басшысы Ардақ Ерсейітов, білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қатысып, отбасы құндылығының маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Байқау отбасындағы парасаттылық құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды өскелең ұрпақтың бойына бала кезден қалыптастыру мақсатын көздейді.
«Парасатты отбасы» байқауының ІІІ орын иегері Арал ауданынан Әбдіжалеловтер отбасы иеленсе, ІІ орын Шиелі ауданынан Абдурахмановтар отбасына бұйырды. Ал, І орын Қазалы ауданы, Асқаровтар отбасы лайық деп танылды.
Сонымен бірге келесі отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды. «Үздік оқырман отбасы» номинациясына Сырдария ауданы, Батырхановтар отбасы, «Зейінді отбасы» номинациясына Қызылорда қаласы, Кемаловтар отбасы, «Көптілді отбасы» номинациясына Қызылорда қаласы, Жақсылықовтар отбасы, «Шеберлер отбасы» номинациясына Қармақшы ауданы, Жанпейісовтер отбасы мен Қармақшы ауданы, Майдақара отбасы және Қызылорда қаласы, Жақыповтар отбасы ие болса, ал «Өнерлі отбасы» номинациясына Қызылорда қаласы, Тұрдалиевтер отбасы мен Қармақшы ауданы, Төлебаевтар отбасы, «Жомарт отбасы» номинациясына Қызылорда қаласы, Алматовтар отбасы, «Дәстүрге берік отбасы» номинациясына Қармақшы ауданы, Аймырзаевтар отбасы мен Жаңақорған ауданы, Ерғараевтар отбасы лайықты деп танылды