Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандықтарға 2017 жылдың 17 сәуірінде ұсынылған еді.
Рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Бағдарламада келтірілген әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бағыттары: бәсекеге қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы.
2021 жылға республикалық іс-шаралар тізбесінде 13 іс-шара көрсетілген:
Оқушыларды іріктеу кезеңі: Іс-шаралар І кезең аудандық ,қалалық және ІІ- облыстық кезеңнен іріктеліп, қорытынды кезең-республикалық кезеңге өтеді.
Барлық жеңімпаздар облыстық білім басқармасының І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Іс-шара тізбесі:
1. Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары-жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауы.
2.«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы.
3. «Алау» әскери-спорттық ойынның республикалық финалы.
4. «Алтын Қазына» көркем және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы.
5. «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы.
6. «Менің Отаныма менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауы.
7. «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар кино шығармашылығының республикалық фестивалі.
8. Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы.
9. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы.
10. «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слеті.
11. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқау.
12.«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқау.
13. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқау.