«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауын өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауын (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, форматыын, өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
  2. Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.
  3. Фестиваль-байқаудың міндеттері:

1) білім алушыларды хореография өнеріне, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметіне тарту, әлеуметтендіру;

2) бишілік мәдени дәстүрлерді қайта қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу;

3) білім алушыларды тұлғалық шығармашылық, олардың әлемді эмоциямен танудағы эстетикалық сезімдерін дамыту;

4) білім алушылардың эмоциялық қырларын және шығармашылық қабілеттерін ашу;

5) заманауи өнердегі ұлттық дәстүрлерді сақтау;

6) білім алушылардың патриоттық сезімін, ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу және ұқыпты көзқараспен қарауды тәрбиелеу;

7) шығармашылықпен айналысатын педагогтерді ақпаратпен қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және білім беру ұйымдарының педагогтері арасында тәжірибе алмасу.

  1. Фестиваль-байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтық форматында өткізеді.
  2. Фестиваль-байқаудың әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамдарын Фестиваль-байқауды ұйымдастырушылар қалыптастырады.

 

  1. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

 

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға қатысу туралы өтінімдер және байқау жұмыстары kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
  2. Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:

1) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, курсы, оқу орны, үйінің мекенжайы және білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны, топ жетекшісінің Т. А. Ә., жұмыс орны, лауазымы, жетекшісінің  ұялы телефондары;

2) қатысушылардың, топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

3) http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.

  1. Фестиваль-байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Фестиваль-байқауды ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, конкурс материалдарын БАҚ-та, әлеуметтік желіде жариялауға құқылы.

 

 

  1. Фестиваль-байқауға қатысушылар

 

  1. Фестиваль-байқауға облыстық (республикалық маңызы бар қалалар үшін – қалалық) хореографиялық байқаулардың жеңімпаздары білім беру ұйымдарының би ұжымдары (қатысушылардың жасы – 11-17 жастағы білім алушылар) қатысады.
  2. Қатысушылардың жалпы саны – 153 адам (8 білім алушы + 1 жетекші).

 

  1. Фестиваль-байқауды өткізу шарттары мен тәртібі

 

  1. Хореографиялық шығармашылықты танымал ету, іс-шараларға қатысу арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Фестиваль-байқау екі кезеңде өткізіледі.

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік;

аудандық (қалалық);

облыстық (қалалық – республикалық маңызы бар қалалар үшін);

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық қашықтық Фестиваль-байқауы.

  1. Фестиваль-байқаудың бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аудандық (қалалық) бөлімдері мен білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен айқындалады.

Фестиваль-байқау өңірлік кезеңде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтан өңірдің бас санитариялық дәрігерінің ұсынымдарын ескере отырып өткізіледі.

  1. Фестиваль- байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Халық биі және халықтық стильдендірілген би:

а) әлем халықтарының билері;

б) Қазақ биі;

2) Заманауи би:

а) эстрадалық би;

б) аралас би.

Би ұжымдары әр номинацияда ұзақтығы 5 минутқа дейін бір конкурстық нөмірден ұсынады.

  1. Электрондық поштаға фестиваль-байқауға қатысу үшін kosymsha.bilim.bery@mail.ru арнада орналастырылған бейнематериалға сілтеме жіберіледі http://www.youtube.com. бейне сапалы, бір роликпен тоқтаусыз жазылуы керек. Бұрын сапалы түрде жазылған дайын бейнені тоқтаусыз бір роликпен пайдалануға рұқсат етіледі. Әртүрлі өнер көрсетулерден «кесуге» жол берілмейді.

Байқауға арналған бейнеролик кез келген сахналық алаңдарда және сапалы фонограмма (сахна, табиғат, концерттік алаң және т.б.) жазыла отырып түсірілуі тиіс.

  1. Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

Бағалау критерийлері:

стильдердің үйлесімінің өзгергіштігі, өзіндік ерекшелігі және үйлесімділігі;

композициялық шешім;

би қойылымы-идея;

техника және орындау деңгейі;

жоғары сапалы орындау

көркемдік және сюжеттік;

сахналық көрініс (костюм).

  1. Қорытынды шығару және фестиваль-байқаудың жеңімпаздарын марапаттау.
  2. Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, сондай-ақ «Әртістігі үшін», «Бидің ұлттық дәстүрін сақтағаны және дамытқаны үшін», «Би нөмірлерінің ерекшелігі үшін», «Үздік хореографиялық қойылым», «Халық биін стильдеудегі шығармашылық табыстары үшін», «Ең мәнерлі би», «Би қойылымының ерекшелігі үшін», «Көрермен таңдауы», «Сахналық шеберлігі үшін» номинациялары бойынша марапатталады.

Ережеге қосымша

 

Өтінім

«Ақ шағала»  Республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсына қатысуға

р/н

Ұжым атауы

Номинацияның аталуы

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты

(толық)

Туған күні, айы, жылы

Тұрғылықты мекен-жайы,

(облыс, қала, ауыл, телефон)

Баратын қосымша білім беру ұйымы

Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты

(толығымен)

байланыс телефоны, адресі