«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, форматын және өткізу тәртібін анықтайды.
  2. Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
  3. Форумның міндеттері:

1) өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру;

2) кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту;

3) көрнекті тұлғаларды анықтау және қолдау, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту;

4) жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту;

5) білім алушылардың жоғары оқу орындарына дейінгі түрлі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға және жұмыспен тәжірибе алмасуға ықпал ету.

  1. Форумды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша бойынша күндізгі және қашықтық форматтарында өткізеді.
  2. Форумды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

 

  1. Форумды өткізу мерзімі және тәртібі

 

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы өтінім kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
  2. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Форумның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Форумға қатысуы туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) қашықтық форматында https://www.youtube.com каналында орналыстырылған видео материалдарға сілтеме.

  1. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:

1) облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кезеңінің Байқау қорытындылары бойынша республикалық Форумға қатысу үшін білім алушыларды және команда жетекшісін жіберу туралы білім басқармасы басшысының бұйрығы;

2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

3) қатысушылардың тізімі;

4) дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы. 

  1. Форумды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.

 

 

  1. Форумға қатысушылар
  2. Форумға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында форумдарындағы форум кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 11-17 жас (18 жасқа дейін)
  3. Жалпы қатысушылардың саны – 170 адам (9 қатысушы және 1 жетекші).
  4. Топ жетекшісінің міндеттері:

– командаға номинацияны таңдау және оны іске асыру үшін қолданылатын техникалық құралдарды анықтауға көмектеседі;

– жұмыстардың күнтізбелік кестесін жоспарлауға жәрдемдеседі, қажетті әдебиеттерді ұсынады, кеңес береді, келісілген жоспар бойынша жұмыс барысын бақылайды;

– ұйымдастырушылардың алдында команданың мүддесін білдіреді, команда қатысушыларының тәртібі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты және бақылайтын әкімшілік басқаруды жүзеге асырады;

– қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұйымдастырушыларға жібереді және өтінімді тапсырады.

 

  1. Форумды өткізу тәртібі және шарты

 

  1. Балаларды бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Форум екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Форум;

аудандық (қалалық) Форум;

облыстық, қалалық (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) Форум.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Форум.

  1. Форумның бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
  2. Жобаны қорғағаннан кейін әділ қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.
  3. Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
  4. «Осындай мамандық бар» (2 қатысушы – 1 қазақ және 1 орыс тілдерінде) – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы.

Жұмыста ұсынылуы қажет: мамандықтың мазмұны мен еңбек шарты туралы ақпарат; білім беру ұйымдарында оны алу талаптары мен ерекшеліктері; мамандықтың еңбек нарығында сұранысы, осы мамандыққа адам қажет етілетін ұйымдар туралы ақпарат және басқа да кезкелген мамандық туралы пайдалы ақпарат.

Талаптар: слайдтың саны 10-нан артық емес; файлдың көлемі – 8МБ-тан көп емес; PowerPoint форматы; интернет-ресурстарына гиперсілтеме қолдануға, презентацияға шағын роликтер, әуенмен сүйемелдеуге, суреттер қоюға болады; презентация бір стильді сақтауы қажет (түс, қаріп – көлемі, сызылуы, туралауы).

Қашықтық форматында Youtube.com каналында немесе инстаграммда (#rumcdovyborprofessii хэштегпен) 3 минуттық сөйлеген сөзінің видеосына сілтеме, сонымен қатар презентацияға сілтеме, мәтінге сипаттамасы ұсынылады.

Бағалау өлшемдері:

таңдалған номинацияның тақырыбы мен мазмұнына сәйкестігі;

ақпараттың логикалық және дәйекті орналасуы;

тақырыпты ашу (мазмұнның толықтығы);

осы жас тобы оқушыларының мазмұнын қол жетімді тілде баяндау;

қатысушылардың өз пікірінің болуы;

презентацияны ресімдеу;

слайдтар санының талаптарға сәйкестігі;

дизайнның берілген тақырыпқа сәйкестігі;

мәтіндік және графикалық ақпаратты слайдтар бойынша орынды бөлу;

анимация және мультимедиа құралдарын тиімді пайдалану;

материалды сауатты баяндау (қателердің болмауы);

презентацияның ерекшелігі;

шешендік шеберлік.

  1. «Мамандықты таңдайтын уақыт» – (2 қатысушы – 1 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде) – видеовлогтар байқауы (бейнеәңгіме).

Влогқа қойылатын жалпы талаптар: форумға қатысуға болашақ тиімді мамандық таңдау бойынша тақырыпты ашуға бағытталған видео роликтер қабылданады. Еркін таратылатын кітапханалардан футаждарды (footage) музыка саундтрегі ретінде, сондай-ақ өзі шығарған музыкасын пайдалануға болады. ҚР заңнамасын қандай да бір тәсілмен бұзатын экстремизмді, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті, ұлтшылдықты, алкогольді, темекі шегуді, есірткіні пайдалануды насихаттайтын роликтерге жол берілмейді.

Видео роликке қойылатын техникалық талаптар:

роликтің ұзақтығы: 7 минутқа дейін;

кадр тараптардың қатынасы: 16: 9;

стандартты ажыратымдылығы: HD, Full HD;

форматы: 720 р және одан жоғары;

кодек / контейнер: Н264 / МП4 видео түсіру.

Қашықтық форматында Youtube.com каналында немесе инстаграммда (#rumcdovyborprofessii хэштегпен) 7 минуттық вайнға арналған жұмыс сілтемесі, сонымен қатар жобаға сілтемесі, мәтінге сипаттамасы kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына ұсынылады.

Бағалау өлшемдері:

роликтің көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

мазмұны (кемінде 3 мамандық атауы көрсетілуі тиіс);

техникалық іске асыру: видео түсірілім сапасы;

материалды беру мәнерлілігі (мәнерлілік құралдар: графика, анимация, видео және аудио эффектілері);

видео ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау (7 минуттан аспайды).

білікті мамандармен видео сұхбат форматын сақтау: видеода сұрақтарға жауап беретін кем дегенде бір ересек адам болуы тиіс.

  1. «Мен – мамандықтар әлемінде» (3 қатысушы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) – әдеби байқау (эссе).

Қашықтық форматында қатысушылар kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына мамандықтың ел үшін маңыздылығы мен таңдауын негіздейтін болашақ мамандық туралы тақырыпты ашатын эссе жібереді. Ұсынылатын сөздердің саны: 250-300, жас санаты 15-17.

Бағалау өлшемдері:

мәселелерді тұжырымдау;

автордың позициясын көрсету;

мәселе бойынша өз пікірін дәлелдеу;

шығарманың тілдік безендірілуі, мағыналық тұтастығы, тілдік байланыстылығы және мазмұндау жүйелілігі;

сауаттылық. Орфографиялық нормаларды сақтау;

пунктуациялық нормаларды сақтау;

жұмысты ресімдеу.

  1. «Мамандық кеше, бүгін, ертең» – вайндар байқауы (2 қатысушы-1 қазақ, 1 орыс тілдерінде). Байқауға нақты мамандық бойынша әлеуметтік желілерге арналған ойын-сауық видеоконтенті – вайн (бейнеәңгіме) ұсынылады.

Бұл номинация мамандықты бағалауда әр түрлі көзқарастың болуын, зерттеу дағдыларын қолдануды көздейді: бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларды талдау, сауалнама жүргізу, сұрау, сұхбат жүргізу және т. б.

Вайнға қойылатын жалпы талаптар: форум тақырыбына сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген (жасалған) оқыту және ойын-сауық сипатындағы Вайн – видео роликтер Форумға ұсынылады. Конкурсқа басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын, конкурс тақырыбына сәйкес емес жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.

Видеороликке қойылатын талаптар:

видеоформаты: DVD, MPEG4;

видеороликтің ең аз ажыратымдылығы – 720×480 (12: 8 см);

видеороликтің ұзақтығы – 5 минутқа дейін;

видеороликтер автордың аты бар ақпараттық бастамалармен ресімделуі тиіс (видеороликтің атауы, жалпы видеороликтің ұзақтығы);

қатысушының қалауы бойынша видеороликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану;

қатысушылар видео ролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, видеоклип, мультфильм және т. б.);

роликте фотосуреттер пайдаланылуы мүмкін.

Қашықтық форматында Youtube.com каналында немесе инстаграммда (#rumcdovyborprofessii хэштегпен) 5 минуттық вайнға арналған жұмыс сілтемесі, сонымен қатар жобаға сілтемесі, мәтінге сипаттамасы kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына  дейін ұсынылады.

Бағалау өлшемдері:

жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі;

видео роликтің креативтілігі (идеяның жаңашылдығы, ерекшелігі, ойлау икемділігі);

ақпараттылығы;

видео жазба сапасы;

арнайы құралдарды иелену деңгейі;

жұмыстың эстетикасы.

  1. Әр делегация үшін шығармашылық және зерттеу жұмыстарын номинациялар бойынша орындау міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір қатысушы бір жобаны ұсынады. Сөз сөйлеу ұзақтығы (жобаны қорғау) – көрсету материалын пайдалана отырып, 5-7 минут.

Карантин кезінде Форум санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қаықтан өткізіледі.

  1. Қашықтық форматында Форумның қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар 2021 жылғы 09 сәуірде www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
  2. Форумға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.

 

  1. Форум қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

  1. Кәсіби әділ қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Форумның бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі нақты және хаттамамен ресімделеді.
  2. Форумның қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

 

1-қосымша

«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумына қатысуға өтінім

Номинация

Жұмыстың атауы

Қатысушының

Т.А.Ә.

Туған жылы, сыныбы

Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

Білім беру ұйымы

Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

Осындай мамандық бар

 

 

 

 

 

 

Мамандық таңдайтын уақыт

 

 

 

 

 

 

Мен мамандықтар әлемінде

 

 

 

 

 

 

«Мамандық кеше, бүгін, ертең»

 

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі:  (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны)