- Жалпы ережелер
- «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, өткізу тәртібін анықтайды.
- Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
- Форумның міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етуші, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;
2) білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;
3) білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;
4) еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
5) мәдени және табиғи алуантүрлілікті сақтау принципіне сәйкес балаларда бірегей жалпы адамзат құндылықтарын тәрбиелеу;
6) шығармашылық міндеттердің қойылымы үшін қатысушылар тәжірибесін біріктіру, оның іске асырылуы мен шешу кезінде туындайтын қиындықтарын өткеру үшін әдістерді таңдау;
7) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
- Форумды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша күндізгі немесе қашықтық форматында өткізеді.
- Форумды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
- Форумды өткізу уақыты мен орны
- Қашықтық форматында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы өтінім, сондай-ақ Форум номинацияларының жұмыстары kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
- Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) Форумның облыстық (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшісінің Республикалық форумға қатысуы туралы білім басқарма басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) «Экоболашақ», «Жасыл оазистер» номинациялары бойынша https://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.
- Форумға қатысушылар
- Форумға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – республиканың мектептен тыс қосымша білім беру және жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
Қатысушылардың жасы: Форумға қатысу кезінде 14-17 жастағы білім алушылар.
- Қатысушылардың жалпы саны – 170 адам (9 білім алушы және 1 жетекші).
- Форумды өткізу тәртібі және шарты
- Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын арттыру үшін Форум екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік Форум;
аудандық (қалалық) Форум;
облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық Форум.
2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Форум.
- Форумның бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
- Форумды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.
- Топ жетекшісінде өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:
білім алушылардың және топ жетекшілерінің Форумның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Республикалық Форумға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқарма басшысының бұйрығы;
қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;
қатысушылардың тізімі;
дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.
Қашықтық форматында Форум санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.
- Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі: Ұсыну тілдері: қазақ немесе орыс.
- «Туған өлке тарихы» номинациясы – виртуалды саяхат. Виртуалды 3D панорама: өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғаты және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары мен аумақтары туралы виртуалды сапарлармен 3-D форматта (маршруттар, экскурсиялар) таныстыру. Жұмыс бағыты – SketchUp, Blender, Tinkercad.com (2 қатысушы дербес).
- «Жасыл экономика» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы мына бағыттар бойынша:
экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану;
инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы (әр түрлі бағыттар бойынша 2 қатысушы).
- «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы – адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін, денсаулық сақтау саласында тәжірибелік қызметті, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларды көрсететін жобалар байқауы (әртүрлі бағыттар бойынша 2 қатысушы).
Зерттеу жобаларын қорғау байқауларына реферат (баяндама) сипатындағы жұмыстар жіберілмейді.
Қойылатын талаптар: таңдалған тақырыптың өзектілігі мен мазмұны, аталған зерттеу жұмысына қосар практикалық үлесі жөнінде қысқаша сиппаттама беріледі.
Жобаны қорғау уақыты – көрсететін материалды (макеттер, үлгілер, видео және т.б.) қолдануымен 7 минуттан аспауы тиіс. Жобаны қорғау кезінде жұмыстың авторына 7 минут беріледі, ол осы уақытта:
– жұмыстың мақсатын;
– тақырыптың өзектілігін;
– қойылған мақсатқа жету әдістерін;
– нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығын;
– жұмыстың негізгі қорытындыларын айтуы қажет.
Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.
Бағалау өлшемдері:
зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы;
жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі;
қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі;
жұмыстың практикалық маңызы;
автордың қосқан жеке үлесі;
сөйлеу шеберлігі.
- «Экоболашақ» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, бойынша видеороликтер презентациясы (1 қатысушы). Презентация ұзақтығы – 5 минуттан аспауы тиіс.
Қашықтық форматында байқауға http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Видеороликте аталған сұраққа стандартты емес тәсілмен қарауға, түсірілім, анимация және компьютерлік графика тәрізді визуалды ұсыну тәсілдерін, музыкалық және дыбыстық сүйемелдеуді қолдануға болады.
Бағалау өлшемдері:
стилистикалық шешім;
практикалық қолданылымы;
жасампаздығы;
әлеуметтік маңыздылығы;
видеоматериал сапасы.
- «Жасыл оазистер» номинациясы – экодизайнерлер байқауы (1 қатысушы).
Байқау жұмысы еркін стилде флористика ережесіне сәйкес табиғи өсімдік материалдан жасалады. Композиция өлшемі 50х50 см-ден артық емес. Инертті материал (20%-дан артық емес) қолданылуы мүмкін. Демонстрациялық материалдарды (макеттер, модельдер, бейнелер және т.б.) қолдана отырып, 5 минуттан аспайтын жұмысты қорғау.
- «Жеңіс мамыры» номинациясы – панно немесе коллаж байқауы (1 қатысушы).
Бұл номинацияда флористикалық панно немесе коллаж түріндегі туған қаланың, ауылдың (елді мекеннің) сұлулығын көрсететін байқау жұмысы ұсынылады. Жұмыста гүл жапырақтарынан, гүлдерден флористикалық кескіндеме техникасында орындалған қаланың танымал объектісі бейнеленуі тиіс. Байқау жұмысының көлемі – 40 х 60 см.
Байқауға қатысуға кез келген техникада, оның ішінде аралас, кез келген материалдан, кез келген құралмен (пластилин, табиғи материалдар және т.б.) орындалған панно немесе коллаж фотосуреттері қабылданады.
Барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Жұмыстың оң жақ төменгі бұрышында автордың анық оқылатын қолы: аты, тегі, жасы болуы тиіс.
Файл параметрлері: jpg немесе png форматы. Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсінді
Бағалау өлшемдері:
идеясы;
композициясы;
орындау техникасы;
жасампаздығы;
практикада қолданудың шынайылылығы.
- Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір қатысушы бір жобадан ұсынады.
- Форумның қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
- Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Форумның бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
- Форумның қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.
1-қосымша
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысуға өтінім
Номинация |
Жұмыстың атауы |
Орындау-шының Т.А.Ә. |
Туған жылы, сыныбы |
Телефон номері, мекенжайының адресі, эл. поштасы |
Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі |
Жетекшінің тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, эл. поштасы |
«Туған өлке тарихы» |
|
|
|
|
|
|
«Жасыл экономика» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Денсаулық және қоршаған орта» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Экоболашақ» |
|
|
|
|
|
|
«Жасыл оазистер» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Жеңіс мамыры» |
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісі: (Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) ______________
________________________ облысы
Білім басқармасының басшысы ________________________ Т.А.Ж.
(қолы) |